Home » Жаңалықтар »      Жаяу жүргіншілер әліппесі

     Жаяу жүргіншілер әліппесі

Астана қаласының Байқоңыр ауданы №18 «Аяжан» балабақшасында наурыз айының 1 күні «Жаяу жүргіншілер әліппесі» атты  Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық брейн-ринг сайысы өтті. Сайысқа Астана қаласы Байқоңыр ауданының барлық мемлекеттік балабақшалары қатысты. Жыл сайын өткізілетін бұл сайыстың мақсаты балалар жол-көлік травматизмінің алдын-алу, балалардың жолда жүру ережелері туралы білімдерін дамыту, сұрақтарға жауап беру, жол белгілерінің  білдіретін мағыналарын анықтау болды. Сайысқа төрелік еткен әділ-қазылар мүшесі Астана қаласы Ішкі Істер Департаментінің жергілікті ювеналды полиция инспекторы, подполковник Бірмағанбетова Эльмира Маратовна әрбір балабақшаның дайындығы мен балалардың жол тәртібі туралы білімдерін, сыртқы формалар мен эмблемаларын талапқа сай ескере отырып, әділ бағасын беріп отырды.  Сайыс соңында әділ-қазылар алқасының шешімімен №18 «Аяжан» балабақшасы, №26 «Үміт» балабақшасы, №50 «Жұлдыз»  балабақшасы және №28 «Жұлдыз» балабақшалары бас жүлдені иемденді.

 Утесинова Гульзат Алимбековна

Астана қаласы
№18 «Аяжан» балабақшасының әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.