Home » Баяндамалар » Ертегілер еліндегі ғажайып математика

Ертегілер еліндегі ғажайып математика

Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.

Білімділік: Баланың қарапайым математиклық түсініктерден алған білімін тиянақтау,геометриялық пішіндерді танып,ажырата білуін жетілдіру,қарапайым сан мен санаутүсініктерін қалыптастыру ,апта күндерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Ойынның шартын сақтап ойнауға,ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы ,шапшаң болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс :Тіл дамыту, матиматика,әлуметтік орта , шығармашылық.

Көрнекілігі :Геометриялық пішіндер,тура,кері санауға арналған санда,санауға арналған қонжық маскалары, алма ағашының маркеті,шығармашылық ойынға арналған пішіндер салынған кілемшелер,алманың муляжы , үйшік макеті , ертегі кейіпкерлері , слайд ,

Сабақ ұйымдастыру:

Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің ісі ғой

Ал,кәнекей, бәріміз

Сәлем,дейік – үлкенге

Қайырлы күн,қонақтар.

Қайырлы таң,балалар

Балалар рындарына отырады.

Тәрбиеші:Жылдың қай мезгілі?

Балалар:Көктем

Тәрбиеші:Көктем айларын ата?

Балалар:наурыз,сәуір мамыр

Тәрбиеші: Қымбатты балалар,қанда ертегі білесіңдер?

Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян»

Тәрбиеші:Олай болса , Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!

Балалар,бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндерімен таныспақпыз.Ерте, ерте , ертеде бір әсем сарайда Маша аты бір ерке өмір сүріпті,оның әдемі сарайы болыпты.Сол сарайда жалғыз турыпты.Жалғыз тұрып іші пысқан былай деп армандайды:

Маша : Жансая:

О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.

Осы кезде біреуі есік қағады.

Аю: (К.Нұрдәулет) Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.

Маша: Мен Машамен. Сен кімсің?

Аю: Мен Аюмын.Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйінің төбесіне ұқсайды.

Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамда орында.

1 – тапсырма. Бір аптада неше күн бар?

Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.

Дүйсенбіде доп ойнадым далада

Сәрсенбіде серуен құрдым қалада

Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп

Бейсенбіде би биледім әндетіп

Жұма күні жидек тердім ағаштан

Сенбі күні кино көрдім клубтан

Жексенбіде үйде болдым дем алдым

Осылайша өте шықты бір апта.

Біздің балалар апта күндерін айтып берді

Жексенбіде үйде болдым дем алдым

Осылаша өте шықты бір пта.

Біздің балалард апта күндерін айтып берді.

Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.

Бір кезде Қасқыр келеді.

Қасқыр: (Ерасыл)бұл сарайда кім тұрады?

Маша: Мен Машамын , сен кімсің?

Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.

Маша: Солай екен ғой , үйге кіру үшін менің тапсрмамды орында.

2-тапсырма

1 – ден 5 – ке дейін тура , кері санап береді.

0 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1 0

Маша : Дұрыс, үйге кіре ғой

Ойын : Көршісін тап

Қоян (Томирис) :      Бұл әсем сарайда кім тұрады?

Маша : Мен Машамын, сен кімсің?

Қоян : Мен қоянмын, Мен саған танысыруға дөңгелек әкелдім, оның бұрышы жоқ , допқа, күнге ұқсайды.

Маша: ммм, қане маған берші, үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.

3-тапсырма.

Алма ағашта бес алма

Қандай тәтті жесе алма,

Бесеуінде жеп қойсаң

Қалады онда неше алма.

Қоян: 0 алма.

Маша : Дұрыс айтасын , кіре ғой.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен?

Төрт конжық орманда

Келе жатты корбандап

Біреуі шаршады

Әрмен қарай бармады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

Осы кезде түлкі кіріп келеді.

Түлкі:Мына әсем сарайда кім тұрады?

Маша:Мен Машамын , сен кімсің?

Түлкі(Мөлдір).Мен түлкімін.Менің қолымдағы шаршы пішіні.

Оның төрт бұрышы , төрт қабырғасы тең.

Маша : Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.

4-тапсырма. 1 – ден 5 – ке дейін санамақ айтып бер.

Данара:

Бір дегенің бесік,

Содан шықтық өстік.

Екі дегененің елім,

Өзен тауым көлім.

Үш дегенім үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім төзім,

Төзе білім өзім.

Бес дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Тәрбиеші  : Жарайсың Түлкі!.

Енді біздің балалар санамақ білетін болар,қане кім айтып береді?

Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста

Емін – еркің тыныста

Оң қолынды соз алға

Қол ұшына қарада

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қол босқа тұрмасын

Шеңбер жасап тыңбасын.

Тәрбиші : Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.

5 – тапсырма. Саусақпен санап үйренейік :

Бес кәмпитім көп еді.

Сараңдығым жоқ еді.

Бір кәмпитім атаға,

Бір кәмпитім әжеге,

Бір кәмпитім мамаға,

Бір кәмпитім папаға,

Өзімеде жете ме?

Қорытынды.

Тәрбиеші : Балаларға пішіндерге ұқсас заттарды теледидардан көрсету.

Балалар пішіндр уралы тақпақтар айтайық :

А . Балауса :

Пішіндерді үйрендім

Қабырғасы тік сайлы.

Үш бұрыш бұл үйлердің

Шатырына ұқсайды.

Гүласыл

Бөлініп – ап екіге,

Отырған сәт шетінде.

Төртбұрышта ұқсайды

Үстелдердің бетіне.

6 – тапсырма. Балаларға логикалық сұрақ:

Айгүлдің мамасы дүкеннен екі төртбұрышты доп сатып әкелді. Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі қалды?

Ағашқа бес торға қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды? Сандар шығып тақпақтарын айтады:

Жанерке:

Мені білгін келсе,

Мен таяқша бірімін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрамын.

  1. Нұрасыл :

Бірден кейін тұрамын,

Сандар іші тұрағым.

Бірге бірді қосқанда,

Иіліп мен шығамын.

 

3 . К. Балауса :

Екіден соң әрқашан

Үш саны болып қалмын

Қос мүйізі майысқан

Ұлттық ою саламын.

4 . Қ.Нұрдаулет :

Достар мені төрт дейді

Беске бірім жетпейді

Бірақ үшке ағамын

Жақсысымын бағаның

  1. Томирис:

Әр қолда саусақ бес-бестен

Шықпас тегі ол естен

Біліп санның шамасын

Мысал ойлап табасың.

7- тапсырма:Балаларға шығармашылық ойын : «Кілемшені толтыр»

Тәрбиеші:

  • Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
  • Біздерге қонаққа нелер келді?

Маша: Сендермен бірге ойын ойнап , есеп шығарып , көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.

Тәрбиеші : Балалар сіздерге Машаның кәмпиті бар екен.

Балалар Маша мадақтайды.

Рольдегі балалармен таныстыру :

Маша – Жансая

Аю – К. Нұрдәулет

Қасқыр – Ерасыл

Қоян – Томирис

Түлкі – Мөлдір

Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оқу іс – әрекетіміз аяқталады.

Балалар : Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі : Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай білді,

Игеру керек : Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту.Сандады ажыратуды , кері тура санауды , сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек.

Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды , ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады.

Бекназарова Карлыгаш Жапсарбековна,
№10 «Наурыз» балабақша тәрбиешісі,
Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.