Home » Жаңалықтар » Дәстүрлі волейбол турнирі өз мәресіне жетті

Дәстүрлі волейбол турнирі өз мәресіне жетті

Павлодар облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп ата-аналары арасында дәстүрлі волейбол турнирінің бесінші кезеңі биыл Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназия мектебінде өтті. Аталмыш іс-шараға ата-аналар және Еуразия энергетикалық корпорациясы қолдау көрсетті.

Жарыстың салтанатты ашылуына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы, ата-аналар кеңесінің төрағасы Ғалым Мағауұлы, аталмыш гимназия директорының міндетін атқарушы Дюсембаев Аскербек Құлтайұлы қатысты. Қадірлі меймандар дәстүрге айналған аталған спорттық іс-шараның оқушылар үшін де маңыздылығын атап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан дарынды балаларға арналған мектеп ата-аналарының 11 командасы қатысып, бақ сынасты.

Жалпы есеп бойынша, Павлодар қаласының «Жас дарын» мектебінің құрама командасы ІІІ орынды еншілесе, Екібастұз қаласының ОМЛИОД мектебі ІІ орын, Ақсу гимназия-мектебінің ата-аналар командасы І орынға ие болды.

Қазылар алқасының қорытындысымен, командалар ауыспалы кубок, медаль, Мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ойын барысында шапшаңдығымен, спорттық кәсіби іскерлігімен ерекшеленген ойыншылар: Сұңқарбеков Заңғар, Касымов Талғат, Урузбаев Құрманғазы, Абраев Мырзабек аталымына ие болып, Дипломмен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Айгүл МОЛДАШ,

Павлодар қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.