Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту
Мақсаты:
- Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған білімдерін кеңейту.
- Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, түрлі-түсті суреттер, интерактивтік тақтадағы ойындар арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту, тілдерін байыту.
- Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Билингвальді компонент: Фрукты – жемістер, овощи — көкөністер.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд – презентация, музыка, түрлі-түсті суреттер.
Шаттық шеңбері
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, Жер-Ана.
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр.
- Балалар, сендер ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше бүгін көп ойындар ойнайық.
- Иә, ойын ойнағымыз келеді.
- Балалар, тақтаға назар аударамыз. Көктем мезгілі болғандықтан, біз бақша мен баққа саяхатқа шығайық. Сендермен «Бақта ма, бақшада ма?» дидактикалық ойынын ойнайық.
Мақсаты: жемістер мен көкөністерді ажырата білу, атауларын дұрыс айту, тілдерін қызықты суреттер арқылы дамыту.
- Жемістер мен көкөністерді ажырату, атауларын айту.
- Алманың түсіне қарап, себеттерге орналастыру.
- Жемістердің көлеңкесі арқылы, жемістерлердің түрлерін табу.
- «Не артық?» суреттер арқылы артық жемісті көкөністерден ажырату.
- Жемістердің қиынды суреттері арқылы слайдта бейнеленген суретті табу.
Балаларға сұрақтар:
- Сиырдың төлін не деп атайды?
- Қыс мезгілінде қыстап қалатын құсты атайықшы.
- Мынау – үлкен балық. Мынау қандай балық?
— Балалар, «Қай жануар артық» дидактикалық ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: Слайдта жасырылған жануарларды табу арқылы тілдерін дамыту.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп — теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Балалар, енді сендермен «Түрлі-түсті суреттер» дидактикалық ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: Түстерді ажырата білу, әр түрлі суреттер арқылы тілдерін дамыту.
Сергіту сәті.
Балық суда жүзеді.
Жедел жәрдем.
Көбелек гүлге қонады.
Қайық судың көлігі.
- Балалар, сендермен «Көп пе, аз ба?» дидактикалық ойынын ойнайық.
Мақсаты: Берілген слайдтағы ойыншықтардың суреттері арқылы балалардың тілдерін дамыту.
— Балалар, міне бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Біз қандай ойындар ойнадық? Бүгін сендер ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстындар. Сендер сабаққа жақсы қатысқандарын үшін мына көңіл-күй смайликтерді қолдарына жабыстырып берейін. Ендеше, балалар, қонақтармен қоштасайық. Сау болыңдар!
Балалар келген қонақтармен қоштасады.
Күтілген нәтиже:
Білуі: Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындар арқылы сөз тіркестерін құрайды.
Меңгеруі: Дидактикалық ойындарды ойнай білуді.
Жасай алады: Берілген дидактикалық ойындарды мұқият орындай алады.
Оразбек Ақжамал Аманбекқызы
«Айназ» балабақшасы, тәрбиеші
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Жетібай ауылы