Home » Балабақша » Түрлі-түсті орамал

Түрлі-түсті орамал

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Мақсаты: Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру. Өздері салған өрнектерді қылқаламмен бояу арқылы эстетикалық талғамының дамуына мүмкіндік туғызу. Бояудың түсін таңдай білуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Демонстрациялық материалдар, орамал.

Қажетті құрал-жабдықтар: Түсті қарындаштар (сары, қызыл), сурет дәптері.

Сөздік жұмыс: шашақтар, орамал.

Іс-әрекет кезеңдеріПедагогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
 

Мотивациялық- қозғаушылық

     Педагог орамалды иығына жауып, балалардан нені жамылып тұрғаны жайлы сұрайды.

— Балалар, бұл не? Түсі қандай? Пішіні қандай? Қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Орамал әдемі ме? Неге орамал дейміз?

«Орамал», «шашақтар» деген сөздерді қайталатып айтқызады.

Орамалға қарап ұстап көреді.

— Түсі – қызыл және сары. Шаршы пішінді. Оны орап, жамылып жүретіндіктен орамал деп аталатынын түсінеді. Оның шетінде шашақтары бар екеніне көңіл бөледі.

«Шашақтар», «орамал» сөздерін жаңғырық әдісімен айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік     Педагог балаларға орамалдың салыну жолдарын түсіндіреді. Балаларға қиылған шаршы ақ қағаз ұсынылады, педагог оның шеттеріне түзу сызықтар жүргізу үшін нүктелер белгілеп қояды, балалар сол нүктелерді қарындашпен жоғары бөлігін екі сызықпен жоғарыдан төмен қарай сызып қосып алады, төменгі бөлігін белгіленген нүкте бойынша тағы да жоғарыдан төмен қарай қарындашпен екі рет сызып қосады.

Орамалдың шеттері дайын болды. Енді ортасына қылқаламмен дөңгелек салып, оны бірден бояйды. Балалар қалаған түсін таңдайды.

Содан соң жоғарғы жақ шеттерін сары түспен, содан кейін төменгі жақ шеттерін сары түспен тегістеп, сүйкей жағу тәсілімен бояп алады. Қарындашпен қысқа сызықтарды сызып, барлық шетіне шашақ салып шығады.

   Балалар орамалды салып беруге келіседі. Қалай салу жолдарын таңдап көреді.

Алдарындағы сурет дәптерінде берілген суреттің үстінен жүргізіп, салу жолдарын қайталайды.

 

Шаршы пішінді орамалды әшекейлеу үшін бұрышынан сызықтар сызады. Ортасына кішкене дөңгелектерді қылқаламмен сол жақтан оңға қарай ретін сақтай отырып салады.

 

 

 

«Добым» сергіту сәті:

Доп-доп, добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Бір, екі деп екі ұрдым

Шатырға сен секірдің.

 

Қарындаштарды орнына қойып, өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

     — Керемет әдемі орамалдар салдыңдар. Түстері қандай? Шетіне шығармай боядыңдар. Маған қатты ұнады.

Ал шетіне шыққан болса, келесі жолы әдемілеп бояу керектігі жайында айтады. Балаларға бояған кезде көздері шаршағанын айтып, көзге арналған «Менің көздерім» деген жаттығуды жасауды ұсынады.

Менің оң көзім әдемі

(оң көзін қысады),

Менің сол көзім әдемі

(сол көзін қысады).

Жұмыс жасаған орындарын жинақтауға жұмылдырады.

 

Түстері сары, қызыл екендігін қайталайды.

«Әдемі», «орамал», «шашақтар» деген сөздерді қайталайды.

Барлығы тұрып, көзге жаттығу жасайды. Жаттығуды 1-3 рет қайталайды.

Жұмыс жасаған орындарын жинақтайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Орамалдың не үшін қажет екенін;

Игереді: Шаршы пішінді орамалды әшекейлеуді;

Меңгереді: Бояуды біркелкі тегіс жағуды.

Отеналиева Гулзира Мухамбетовна

«Айназ» балабақшасы,

сурет пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Жетібай ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.