Home » Балабақша » Қызыққа толы бұл әлем

Қызыққа толы бұл әлем

Мақсаты: Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру. Әлемді жақсы жағынан сезіне білу құндылықтарын кеңейту. Өзара жағымды қарым-қатынас жасау. Іскерліктерін дамыту, мейірімділікке тәрбиелеу. Түрлі ойындарды құрастыру арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Суреттер, қағаздан жасалған күн шуақтары.

Шаттық шеңбері:

Сәрсенбіміз сәтті болсын!

Күніміз тек жақсы болсын!

Жақсы білім алайық,

Үлкендерді тыңдайық!

Сұрақ-жауап:

Балалар, айтыңдаршы, біз кімбіз?

Балалар:

  • Адамбыз, баламыз, ұлмыз, қызбыз, немереміз, ағамыз, ініміз, қарындаспыз.
  • Жақсы. Біз – адамбыз, олай болса біздің түріміз қандай?
  • Біздің екі көзіміз, екі аяғымыз, екі қолымыз, бір мұрнымыз, бір аузымыз бар.
  • Ал жер шарында бізден басқа қандай тірі табиғат иелері бар?
  • Жануарлар, құстар, жәндіктер, ағаштар, шөптер, т.с.с.
  • Ал қандай өлі табиғат бар?
  • Таулар, сулар, аспан, күн, т.с.с.
  • Жақсы, біздер барлығымыз бір жер шарында мекен етеді екенбіз. Балалар, сендер менің сұрақтарыма жақсы жауап бердіңдер. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнайсыңдар ма?

Құрастыру. Екі топқа бөліп, жарыс түрінде ойналады.

  • Балалар, мен сендердің алған білімдеріңді тағы да сынағым келіп тұр. Олай болса, мен айтқан түсті, гүлді, көбелекті, санды, пішінді мына арадан тауып беріңдерші.
  • Жақсы, балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер. Күлімдеу – адамға қуаныш сыйлай білу, өзіңнің де, өзгенің де өмір жасын ұзартады, денсаулығын жақсартады. Барлық адамдармен күліп амандасу, үнемі ақжарқын жүру, мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау – асыл қасиет.
  • Балалар, енді күніміздің шуағын әрқайсымыз өз тілегімізбен құрайық (Балалар үйлерінен алақан пішінін жасап, жазып әкелген тілектерін, мұғалімнің тақтаға дайындап қойған күнінің айналасына жабыстырды.Ән: «Біз – өмірдің гүліміз».

Ізберген Айдана Айдосқызы

«Айназ» балабақшасы, психолог

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Жетібай ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.