Home » Жаңалықтар » БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

   «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай  облысы  бойынша ПҚ БАИ-ы  қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілін оқытудың аспектілері» облыстық Тақырыптық Fest өткізді.

Тақырыптық Fest қазақ тілі мұғалімдері арасында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасуға бағытталып, теориялық және практикалық бөлімнен тұрды.

      Ісшараның мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілін оқытудың ерекшеліктерін мен тиімділігін анықтау және жаңа форматтағы оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу.

Ісшараның  мақсатты аудиториясы – қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері.

Тақырыптық Fest шеңберінде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігі, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі сабағындағы тиімді оқыту мәселелері қарастырылды.

Ісшараға барлығы 15 жұмыс келіп түсті. Іріктеуден өткен жұмыс саны – 9.

Солардың ішінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында  қазақ тілін оқытудың аспектілері» Кожахметова Алия Кадырхановна,  Жітіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің №3 орта мектебі;  «Жаңарған білім беру мазмұны аясында қазақ тілін оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктері» Бисембаева Дина Әбділдақызы, Жітіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебі; «Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытуда қолданылатын және  айтылым дағдысын қалыптастыруға арналған әдістер мен тәсілдері» Афанасьева Римма Александровна, Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы, Алтынсарин орта мектебі; «Қазақ тілі сабақтарында жазылымды дамытуда ойын элементтерін қолдану» Манаубаева Майсара Омоновна, Рудный қаласы әкімдігінің «№ 1 орта мектебі» КММ; «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі сабағындағы тиімді оқыту» Жұмақанова Әсемгүл Бисембайқызы, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының мұғалімдері болды.

Ісшараға қатысушылар баяндама оқумен қатар, ісшараның практикалық бөлімінде қатысушы мұғалім сабақтан видеофрагмент көрсетті және оған  онлайн түрінде түсініктеме берді, ұсынылған әр видеофрагмент бір тілдік дағдыны (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамытуға бағытталды.

Баяндамашылар бірінші сыныпта қазақ, орыс және ағылшын тілін оқытуы арқылы үш тілдік саясатын енгізуге тоқталды, үш тілдікті меңгеруге көмек көрсету үшін аудиовизуалды құралдарын қолдану арқылы сөйлеу, тыңдау дағдыларын дамыту жайлы айтты, оқыту үдерісінде коммуникативтік технологияны қолдана отырып, оқушыларды барынша тілдік үдеріске қатыстыру арқылы пәндік дағдыларды  қалыптастыруға тоқталды, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытуда қолданылатын және  айтылым дағдысын қалыптастыруға арналған әдістер мен тәсілдер туралы кең баяндап берді, әдіс-тәсілдерді сабақ үстінде жүйелі түрде түрлендіріп қолдану жайлы әңгімелеп берді.

Қарастырылған мәселелер педагогтарға практикалық тұрғыда маңызды деген сенімдеміз.

Кожаниязова Асель Ермековна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.