Home » Менің ұстазым » МЕКТЕБІМ — МЕНІҢ, МАҚТАНЫШЫМ!

МЕКТЕБІМ — МЕНІҢ, МАҚТАНЫШЫМ!

Мектеп — оқушыларға білім мен тәрбие береді. Мен Т.Әубәкіров  атындағы  жалпы  негізгі  білім беретін мектебінде   оқимын.   Біздің  мектеп екі қабатты. Менің сыныбым бірінші қабатта. Мен 4-сыныпта оқимын. Біздің  мектеп шағын, оқушылар саны аз. Біз бір-бірімізбен тату-тәттіміз. Мектебімізде көптеген мұғалімдер ұстаздық етеді. Сүйікті ұстазым – Бисекеева Гаухар апай. Ал директорымыз – Жұмагүл Қабидоллақызы. Ол ақылды басшы. Жұмагүл апайдың басқаруымен мектептің жұмыстары  жанданып,  жаңарып   келеді. Мен күнде бестік баға аламын. Өз мұғалімімді сыйлаймын, оны жақсы көремін. Алғашқы білімнің бастауы Әліппені бетін ашып, әріп танытып, сауатымызды ашып, өмірдің қыр-сырын білуге танытқан ұстазыма шексіз ризамын. Оның әрбір айтқан ақыл сөзі мен үшін үлкен сабақ. Жарқын болашағымның бастауы, жігерлендіріп алға қарай жетелейді деп білемін. Сондықтан мектебім — екінші үйім. Ұстаздарым  екінші анам.

Айманова  Аяжан
Жалғызтал  ауылы
Т.Әубәкіров атындағы жалпы
негізгі білім беретін мектебінің
4 сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.