Home » Жаңалықтар » «PISA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ

«PISA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ

Бүгінгі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда  заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушылары білім жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін PISA-2018 халықаралық зерттеуіне қатысады.
PISA зерттеуі (Programme for International Student Assessment) – Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы ЭЫДҰ (OECD — Organisation for Economic Co-operation and Development) жүзеге асыратын бағдарлама. 2000 жылдан бастау алған бұл зерттеуге 2018 жылы әлемнің 80-нен астам елі қатысқалы отыр. Зерттеу барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарын бағалайтын негізгі бағыттары болып қала береді. Сонымен қатар, PISA зерттеуінің әр кезеңінде үш облыстың біріне басымдылық беріледі. «Оқу сауаттылығы» 2018 жылы білім жетістіктерін бағалаудың басты бағыты болып табылады. ЭЫДҰ мемлекеттерге PISA жобасын дамыту аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын әртүрлі опциларды ұсынып отыр.
PISA  зерттеуінің мақсаты — әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерін алып саралау болса, негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау және оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру, ал оқушылардың функционалдық сауаттылығы дегеніміз – әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына ілесе отырып, үнемі білімін жетілдіруі. Ондағы басты мақсат білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Мұндағы басшылыққа алынатын қасиеттер:

-белсенділік;

-шығармашылық тұрғыда ойлау;

-шешім қабылдай алу;

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Мектебімізде «PISA — 2018 халықаралық зерттеуіне» дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Зерттеуге 15 жастағы  42 оқушы қатысқалы отыр. Математика, жаратылыстану, химия, биология, физика, қазақ тілі мен орыс тілі мұғалімдері өз пәндері бойынша дайындық  жұмыстарына белсене кірісіп кетті. Сонымен қатар психолог мамандарымыз оқушылармен және мұғалімдермен дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырып, халықаралық зерттеуге дайындық кезеңінде  кездескен қиындықтар мен кедергілерден шығудың жолдарын көрсетті. Мектеп әкімшілігі 15 жастағы оқушылардың ата- аналарымен кездесулер өткізіп, балаларының халықаралық зерттеуге қатысып, мектепте алған білімдерін келешек өмірде қалай қолдана алатындықтарын, өздерінің функционалдық сауаттылықтарының қандай деңгейде екенін көрсететіндерін түсіндірді.
Ата — аналардың өз балаларын қолдап, білімдерін одан әрі шыңдай түсуге көмек беруге шақырды.
Мектеп қабырғасында PISA-2018 халықаралық зерттеуіне үнемі алдын — ала дайындық тестілеулері өткізілді.
Оқушыларымыз тестілеуге  жауапкершілікпен қарап, нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Алда тұрған жауапты сәтке пән мұғалімдері де, ата аналар да, зерттеуге қатысқалы отырған оқушылар да зор сеніммен қарайды.
Біздің еліміздің оқушылары PISA — 2018 халықаралық зерттеуінде  алдыңғы қатарлы елдердің оқушылары қатарында білімдерін жоғары деңгейде көрсетулеріңе шын ниетімізбен сәттілік тілейміз!

Акишева Гульмира Сериковна,
«№25 ЖББОМ» КММ мектеп директорының
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
PISA-2018 халықаралық зерттеуі бойынша мектеп координаторы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.