Home » Оқу-әдістемелік материалдар (page 24)

Оқу-әдістемелік материалдар

Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқытуда дидактикалық ойындардың маңызы

Бүгінгі таңда еліміздің  Президенті Н. Назарбаев отандық білім берудің алдына жоғары талап  қойып отыр. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен айтып өтті. Қазіргі өмір талабы – оқушыларды іздендіру, сол арқылы өз беттерімен еңбектенуге дағдыландыру. Оқушылардың тіл байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді, сапалы, тиянақты болады. Мен осы орайда сабақтарымда қолданып жүрген әдіс-тәсілдер мен дидактикалық ойындарымен бөліскім келеді. Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, ...

Толығырақ »

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ойын элементтерін пайдалану

Сабақта ойын түрлерін пайдалану – сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ ...

Толығырақ »

Ата-ананың баланы санауға үйрету тәсілі

Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру – аса жауапты міндет. Ата-аналар балаға «қанша?», «неше?» деген сұрақтарды қоюға болатын әрбір мүмкіндікті орынды пайдалануы тиіс. Мысалы: «Аулада неше гүл бар?», «Ыдыста неше алма бар?», «Сенің қолыңда неше машина бар?» деген сұрақтар мен тапсырмалар олардың санау қабілетін дамытады. Отбасында санай білуге үйретудің ең негізгі жолын пайдалана отырып, «саусақ санау», «бес ...

Толығырақ »

Білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту жолдары

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын ...

Толығырақ »

Биология сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру жолдары

«Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің ең бірінші міндеті – сын тұрғысынан ойлайтын және ақпарат ағындарына бейімделуге қабілетті адамдарды дайындау» (Н.Ә. Назарбаев)   Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» (МAН 2014, ...

Толығырақ »

Мектепке дейінгі жастағы эстетикалық тәрбие Жас мамандармен іскерлік ойын

Мақсаты: Жас тәрбиешілердің мектепке дейінгі жастағы балаларға эстетикалық тәрбие берудегі теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Іскерлік ойын барысы: 1. «Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру жолдары» тақырыбында кеңес беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сол сұлулықты жасау қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің мақсатты түрде бағытталған, жүйелі процесі. Эстетикалық тәрбие ...

Толығырақ »

Шет тілін үйрету үдерісіндегі case study әдісін қолданудың артықшылығы

Қазіргі қоғамның қарқынды екпінмен дамуы адамды ауыспалы жағдайларға жедел жауап беру немесе қиын мәселелердің алдында дәрменсіз болу сияқты талғамның алдына қояды. Қазіргі қоғамда білім табыстың және адам өмірінің биік сапасының басты көрсеткішіне айналды. Біздің жаңаша білім беру жүйесінде мектебіміздің қалыптасуы әлемдік жаңа білім кеңістігіне кіруге бейімдейді. Аталмыш үдеріс оқу-тәрбие ісіндегі теориялық және практикалық өзгерістермен қатар жүреді. Бүгінгі таңда білім беру ...

Толығырақ »

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын дамыту жолдары

Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Қозғалатын мәселе орыс тілді оқушылардың қазақ тілінде сөздік қорын дамыту тәсілдері жайлы болмақ. Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Ал бұл сөздік ...

Толығырақ »

Жаңаша оқыту жағдайында дарынды балалармен жұмыс түрі

Жаңаша оқыту жағдайында дарынды балалармен жұмыс түрі Дарынды балалармен жұмыс түрлері білімді игеріп қана қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілеттерін, ойлауын, тіл шеберлігін, алған білімдерін өмірде пайдалана білуін, төзімділігін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамытады Дарынды да талантты балаларды анықтайтын сенімді өлшемдер: Есте сақтау және білім (есте сақтау қабілеттері жоғары, ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады); 2. Мәселені шешу ...

Толығырақ »

Театр әр балаға ұмытылмас қуаныш сыйлайды

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – мемлекетіміздің мығым тірегі» — деп атап көрсеткендей, жас ұрпағымыздың жан-жақты қалыптасуына бірден бір негіздері мектепке дейінгі мекеме болып бастау алады.

Толығырақ »