Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) (page 14)

Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

Жүрегінде оты бар, мен жастарға сенемін!

«Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» деп бекер айтылмаса керек. Тек халық дейтін әділ сыншы мен уақыт дейтін қатал төрешінің елегінен өткен елеулі сәттер ғана тарих бетінен өзіне тиісті орынын алары хақ. Өз басым, тарихи уақиға деп көпшіліктің жүрегін елжіретіп, сол елжіреген жүректердің жанарына ыстық жас, көңіліне сенім мен үміт ұялататын тебіреніс пен толғанысқа толы шабытты сәттерді айтар едім. Дәл осындай ...

Толығырақ »

Тұңғыш Зияткерлік мектеп 10-жылдық мерейтойын атап өтті

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өзінің 10 жылдық мерейтойына орай ыстық ықыласқа толы лебіздер естіп,  құттықтаулар мен алғыстар алды. 2019 жылдың 12 қаңтарында Тұңғыш Зияткерлік мектеп ынтымақтас достарын, әр жылғы түлектерін, педагогикалық жұмыс ардагерлері мен құрметті қонақтарын туған күніне жинады. Қонақтарды кіре берісте «Zite Not» вокалды-аспаптар ансамблі ән-шашумен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мереке қарсаңында қонақтар “Таңқалдыр мені” ...

Толығырақ »

МҰҒАЛІМ: ОН ЖЫЛДАҒЫ ОН ӨЗГЕРІС

  Өзгеру ұғымы екі бағытта болатыны аян: өрлеу және еңістеу. Тілге тиек болар өзгеру өрлеу бағытын сөз етпек. Ел беделін елмен теңестіруге сай келетін заманауи мектеп ашуға итермелеген сәтте жаһандануға жол ашатын үш тілді, жан-жақты ғылыми-техникалық білім беретін, экономикалық сұраныстарға жауап бере алатын Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылған еді. Содан бері он жыл өтті. Қазақтың ойшылы ұлы Абайдың «Егерде есті кісілердің ...

Толығырақ »

Ұлы даланың ұлы бастамалары

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Архив 2025» бағдарламасын талқылау Қазіргі таңда қазақ елі ашық аспан астында, бірлікте, бейбіт өмір сүріп жатыр. Осындай тәуелсіздікке жетудің өзі — үлкен тарих. Ата- бабаларымыз өз парыздарын орындап, ұлан байтақ кең даламызды бізге мұра ретінде аманаттап кетті. Бірақ осы жолда бабаларымыздың елге сіңірген ерен еңбектері текке кетпей, нәтижесі қазіргі бейбітшілікке жеткізді. Елбасымыз Нұрсұлтан ...

Толығырақ »

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР: ОҚЫРМАНДАРДЫ КІТАПХАНАҒА ҚАЛАЙ ТАРТАМЫЗ? 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату аясында Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің кітапханашыларына арналған кезекті семинар-тренинг өтті. Зияткерлік мектептің мамандары келушілерге оқушылар арасында оқуға деген қызығушылықты дамыту және сауаттылығын арттыруға бағытталған мектеп жобаларын таныстырды.    PISA білім алушылардың біліктілігін бағалау бойынша Халықаралық бағдарламаға сәйкес, балаларды жастайынан кітап оқуға баулу оның жоғары жетістіктерге жетуге үлкен мүмкіндік береді.   Осы ретте, бүгінде оқырмандарды ...

Толығырақ »

Домбырашылар флешмобы Тұңғыш Президент күніне арналды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ауқымды шара ұйымдастырды. Қала орталығындағы ірі сауда үйінің бірінде өткізілген желілік домбырашылар флешмобы әр көрерменнің көңілінен шығып, нағыз мерекелік әсер сыйлады. «Ұлы дала мұрагерлері» атауымен өтетін дәстүрлі флешмоб халық және бүгінгі қазақстандық компазиторларының туындыларын дәріптеуге мол мүмкіндік береді. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатына қолдау білдіру, ұлттық ...

Толығырақ »

Ұлы дала мұрагерлері

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні Қазақстан Республикасының Президенті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру мекемесінің 10 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты форумға қатысты.Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш білім ордасын мерейлі күнімен құттықтады. — Әлемдегі өркениеттің өнегесін ұстанған білім ошақтарының берекелі белесі. Назарбаев университеті құрылған соң оған түсе алатын оқушы қажет болды. Сол себепті де озық шәкірттерді дайындайтын орта білім беру ...

Толығырақ »

Көркем сөз шебері бізде оқиды

Мектеп қабырғасындағы театр үйірмелерінің көмегі – баланың тілін дамытып, жаттықтырып, актерлік қабілетін ашудан бөлек, сахна мәдениетіне үйретеді. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Dos» театр үйірмесі  өнерге жаны құмар талай өреннің қанатын қатайтқан орта. Оқушылар үйірме жұмысына қатыса жүріп, тарихи – әлеуметтік маңызы бар түрлі сахналық қойлымдарды көрермендер назарына ұсынды. Тіптен әр деңгейлі додаларға қатысып, жүлделі орындардан көрінген кездер ...

Толығырақ »

X Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция

Қазан айының 25 жұлдызынан Назарбаев университетінде «Жаңа дәуірдің мектебі» тақырыбында  Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан басқосуға әлемнің 24 елінен білім саласының ғалымдары мен сарапшылары және 2000-ға жуық республиканың түкпір-түкпірінен келген ұстаздар, 12 бағытта жұмыс жасап жатқан  50-ден астам іс-шараға қатыспақ. Жиында басты тақырып білім беру жүйесіндегі өзгерістер, мұғалімдерді оқыту, кәсіби ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ АРТУЫНДА АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ РӨЛІ

Кез келген қоғамның, компанияның және отбасының дамуында адами капиталдың құндылығы жоғары. Жаһандағы ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адамзатқа жаңа талаптар қоюда. Адами капитал – мемлекеттің дамуы, оның мызғымас болашағы мен экономикасының күре тамыры. Қазақстан Республикасының Президенті- ««ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауында: «білімнің сапасы мен қолжетімділігі әрбір қазақстандық отбасына маңызды»,— деп атап өткен болатын. Халықаралық тәжірибелерге сүйенсек, ...

Толығырақ »