Home » Жаңалықтар » X Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция

X Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция

Қазан айының 25 жұлдызынан Назарбаев университетінде «Жаңа дәуірдің мектебі» тақырыбында  Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан басқосуға әлемнің 24 елінен білім саласының ғалымдары мен сарапшылары және 2000-ға жуық республиканың түкпір-түкпірінен келген ұстаздар, 12 бағытта жұмыс жасап жатқан  50-ден астам іс-шараға қатыспақ. Жиында басты тақырып білім беру жүйесіндегі өзгерістер, мұғалімдерді оқыту, кәсіби дамыту олардың жан-жақты өркендеуі, орта білім куррикулумындағы инновация мен тенденция жөнінде пленаралық және секциялық отырыстар жаспарланған.
Әртүрлі форматтағы жұмыстар баяндамалар, шеберлік сағаттар, презентациялар, дөңгелек үстелдер, панелдік дискуссиялар семинарлар постер-сессиялар мен білім ресурстарының көрмесін өткізу екі күнге бөлінген.
8 жыл қатарынан әртүрлі тақырыпта өтіп жатқан конференция отандық және ғаламдық білім саласының ең өзекті мәселелерді талқылауда еліміз ғылым әлеміндегі беделді алаңға айналды.
Конференцияның алғашқы ашылу салтанатына Ғылым және Білім министрі Ерлан  Сағадиев арнайы қатысты. Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары ортаға өз ойларын білдіріп, мектеп шәкірттерінен құралған күйшілер мен бишілер өз өнерлерін ортаға салды.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова «Жаңа дәуір мектебі: Жаңа көзқарас. Нақты қадамдар» тақырыбында, Лондон университеттік колледжі білім беру институтының құрметті профессоры, білім беру мазмұны мен әлеуметтану маманы Майкл Янг «Қарамды білім» теориясының авторы «Қарымды білім дегеніміз не?» тақырыпта, Кембридж университеті білім беру факультетінің деканы, білім беру профессоры Сьюзан Робертсон «ХХI ғасырда жаһандық білікті оқушыға айналу: қиындықтары мен фактілер» тақырыбында сөз сөйледі.
Ұстаздардың қойған сұрақтарына жауап берген ғалымдардың жалпы баяндамасынан түсінгеніміз: мүғалім оқушыны білімге сендіре отырып, өз мүмкіншілігіне қарай еркіндікке тәрбиелеу, бірлікпен ата-ананың қолдауы, білім беру мен құзіреттілікті қатар қою бүгінгі зиялы ұрпақ тәрбиелеудің алғы шарттары екенін түсіндірді.
-Әр заманда әр бағытта жұмыс жасадық әуелі сауаттылық, техникалық бұйымдарды қолдануға, компьютерді игеруге ұмтылдық. Сол үшін біз өзгерісті өзіміз түсіне отырып баланы тәрбиелеуіміз керек. Бұл дегеніміз балаға мотивация беру деген сөз. Логика мен ақылды бірікті отырып баланы жаңа дүниені ойлап шығаруға әкелуіміз керек.  Ескіні лақырып тастамай, болашақ мектепті біз шәкірт санасына    ұлттық құндылықты  сіңіре отырып тәрбиелейтіндей жағдайға жетуіміз керек. Себебі жаһандану заманында әуелі біздің ұрпақ өз ортасын дұрыс табуға ұмылса деді,- аталмыш басқарманың төрайымы Күләш Ноғатайқызы. Ұтымды айтылған пікірмен бізде келісеміз. Өзегінен ажырамаған елдің ұрпағы ертеңгі елдің шынайы тірегі болары сөзсіз.

Әлия Ғалымбекқызы,
Білім айнасы,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.