Home » Жаңалықтар » Ұлы дала мұрагерлері

Ұлы дала мұрагерлері

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні Қазақстан Республикасының Президенті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру мекемесінің 10 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты форумға қатысты.Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш білім ордасын мерейлі күнімен құттықтады.
— Әлемдегі өркениеттің өнегесін ұстанған білім ошақтарының берекелі белесі. Назарбаев университеті құрылған соң оған түсе алатын оқушы қажет болды. Сол себепті де озық шәкірттерді дайындайтын орта білім беру мектебін Қазақстанның әр түкпірінде ашу идеясын жүзеге асырдық. Міне дәл бүгін сол Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 жылдығын атап өтіп отырмыз. Зияткерлік мектептер орта білім берудегі алдыңғы орында бүгінде еліміздегі мектептер сіздерге қарап бой түзейді. Жас ұрпақтың заман талабына сай білікті болуы базалық білімге тікелей байланысты. Еліміздің 20 қаласында ашылған білім ошақтарын бүгінде 8000 астам шәкірт бітіріп шықты. Бұл білім ордасының түлектеріне қойылатын талап өте жоғары екенін өздеріңіз білесіздер. Сондықтан білім ордасына «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан балалар ғана түсе алады. Елдегі қабілетті әр бір қазақ баласы білімін осы мектептерде шыңдауы үшін аштық, Елдің түкпір-түкпірінде  тұратын ұландардың болашағы жарқын болуы үшін көп көмегін тигізіп отыр. Себебі шетелдің көптеген мұғалімдерінің өзі біздегі мектептердің деңгейін мойындап отыр. Оқыту жүйесі Сингапур мен Ұлыбритания сияқты мемлекеттердің білім саласындағы ұзақ жылғы стандарттық зерттерулерімен тең келеді. 8000 бала бітірсе соның барлығы жоғары оқу орнына түсті. Бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі. Сондықтан да Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық ұстаздарына алғысымды білдіремін. Өңірлерді аралап жүргенде осы мектептерге кіріп шығамын. Алыс аудандардағы қарапайым отбасының балалары да оқып жатады. Сол себепті де тек білім алам деген жас ұрпаққа бұл мектептердің есігі ашық. Сендер арқылы еліміздің барлық оқушыларына мынаны айтқым келеді. Қазіргі уақытта терең білім алу, шет тілін үйрену, замануи технологияны меңгеру негізгі міндет, өмірде қойған талапқа жету үшін мұны білуі тиіс. Отанға қызмет ететін болыңыздар!,-деп мемлекет басшысы жылы лебізін білдірді.
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі, Назарбаев университетінің 2 курс студенті Сатылхан Абылай мен Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Камалдинова Адель Елбасы алдында сөз сөйлеу бақытына ие болды. Болашақ елдің озық ұл-қызымен бірге 50 жылда ел жаңа дегендей Елбасы  2068 жылғы жас ұрпаққа аманат хат жазып табыстады. Шындығында да адамға қанат бітіретін Көшбасшымыздың « Қазақстан — қазақтың жалғыз Отаны. Оны көркейту үшін бәріміз үлес қосуымыз керек деген сөзі болды.
Атаулы күннің тағы бір мерейлі сәті аккредиттеудің СIS сертификатын табыстау болды. Сертификатты бағалу бөлімінің атқарушы директоры Джейн Ларссонның қолынан Қарағанды, Павлодар, Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептерінің директорлары оқу озаттарымен бірге алды.
Білім саласында жетістіктері мен жоғары стандарттарды ілгерілетуге бағытталған әлемдік деңгейдегі таңдаулы білім беру ұйымы әлемнің 50 университетімен ынтымақтастық орнатқан, яғни бұл университеттер аккредиттелген мектеп түлектерін оқытуға мүдделі. 2019 жылдың соңына дейін барлық Зияткерлік мектептер халықаралық аккредитациядан өтеді деген жоспарда  үлкен жаңалықтың бірі.
Германия Федеративтік республикасы, әлемдегі ең беделді университеттердің бірі Кембридж университетінің «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» статусын ресми түрде растайтын жаңа ақпараттық хабарламасы үлкен жетістіктердің бірі. Тек биылғы жылдың өзінде аталмыш мектептің әрбір бесінші түлегі Назарбаев Университетінің білім грантын иеленсе, 1300-ден астамы яғни 20 пайыз түлек шетелдің ЖОО-на түскен. Олардың әрбір бесіншісі әлемнің үздік ЖОО-ның жүздігіне кіретінін атап өткен жөн.
1000-ға жуық мерекеге қатысқан Жоғары қамқоршылық кеңестің мүшелері, қоғам қайраткерлері, елшілер, шетелдік серіктестер мен халықаралық ұйымның өкілдері, журналистер мен бизнесмендер, спортшылар, мұғалімдер еліміздің әр өңірінен жиналған оқушылар аталмыш мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалды.



Әлия Ғалымбекқызы,
«Білім айнасы» Астана қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.