Қазақстанның құрама командасы химия пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысты (International Chemistry Olympiad-IchO). Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команда 4 қола медаль жеңіп алды. Covid-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті. Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды. Олимпиада қорытындысы ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Магистратура мен доктарантураға түсушілер үшін ақпарат: Құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылады
Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу бұрын-соңды мәлімделгендей 3 тамыз күні емес, 17 тамызда басталады. Сондай-ақ докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды. Оқуға түсушілердің жеке кабинеттеріне (ҰТО сайтында) кешенді тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны көрсетілген жаңа рұқсаттамалар жіберіледі. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда берілетін болады. ...
Толығырақ »Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды
Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады. Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталуы тиіс еді, бірақ елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты өтініштерді қабылдауды 20 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды. Медициналық ...
Толығырақ »Қазақстандық оқушылар физика пәні бойынша Еуропалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды
Қазақстанның құрама командасы физика пәні бойынша Еуропалық олимпиадаға қатысты. Жарыс қашықтық форматында өтті. Олимпиадаға әлемнің 50-ден астам елінен 250 оқушы қатысты. Турнирге Қазақстанның атынан 5 конкурсант — 2019 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, физика пәнінен олимпиада резервінің мүшелері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық құраманың қоржынында бір алтын, екі күміс және бір қола медаль бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің қатарында – ...
Толығырақ »Шымкент қаласында 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық басталды
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында Шымкент қаласының білім мекемелеріне 18 000 дана мектеп парталары алынып, жаңартылды . Сонымен қатар 11-сыныптарды оқулықтармен 100% қамту аясында және қалған сынып оқушыларын қосымша оқулықтармен қамтамасыз ету үшін баспалармен толық келісім — шартқа отырды . Қазіргі таңда тапсырыс берілген оқулықтар мен оқу кешендерін білім мекемелеріне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Тасымалдау жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталады. ...
Толығырақ »Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованы қабылдады. Қабылдауда өңір басшысына жаңа оқу жылын қашықтан оқытуды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамту және білім нысандарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы баяндалды. Жаңа оқу жылында өңірдегі 243 мектеп қашықтан, ал қалған шалғай орналасқан және шағын жинақты 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі түрде оқытылатын болады. «Жұмыспен ...
Толығырақ »«Көбейтұз тұзы: Келісі 5 мың теңге…»
Бала кезімде атам марқұммен осы Көбейге көп баратынмын. Ол кезде ауылдан төрт-бес жанұя, дайындығымен ескі газон көлігімен шығып, әр үйден бір-бір қой, киіз үй, ыдыс аяқ,алып апталап жататын. Сонда байқағаным үлкендер дәретсіз тұзға түспейтін. Кешке қой сойылып,аруақтарға құран оқытылатын. Атам жаңғырықтың өзін түзу қой деп ұрсатын. Неге десем; жер киелі, тұз киелі деуші еді. Әйел қауымы бөлек уақытта, ерлер бір ...
Толығырақ »«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл сайынғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының басталғанын хабарлайды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет. Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі. Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ...
Толығырақ »Еліміздің педагогтеріне арналған «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты тегін онлайн-курсы басталады!
Онлайн-курс еліміздің барлық педагогтерін кезең-кезеңмен оқытуды қамтитын кестеге сәйкес ұйымдастырылады. Әрбір мұғалім, оның ішінде жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарында оқитын студенттері де жылдың соңына дейін осы курстан тегін өту мүмкіндігіне ие болады. ⠀ Онлайн-курс бағдарламасы интернет-сервистермен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге бағытталған. Басты назар онлайн-сабақтарды жоспарлау мен тарату, виртуалды мұғалімдер кабинетінде жұмыс істеу, қазақстандық білім беру платформаларында оқушылармен және олардың ...
Толығырақ »Министрдің «Әліппе» туралы жазбасы!
Жақында Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Ондағы маңызды жаңалықтардың бірі –келесі 2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитын болады. Бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппенің» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда «Букварь» ...
Толығырақ »