Home » Айтарым бар » «Көбейтұз тұзы: Келісі 5 мың теңге…»

«Көбейтұз тұзы: Келісі 5 мың теңге…»

Бала кезімде атам марқұммен осы Көбейге көп баратынмын. Ол кезде ауылдан төрт-бес жанұя, дайындығымен ескі газон көлігімен шығып, әр үйден бір-бір қой, киіз үй, ыдыс аяқ,алып апталап жататын.

Сонда байқағаным үлкендер дәретсіз тұзға түспейтін. Кешке қой сойылып,аруақтарға құран оқытылатын. Атам жаңғырықтың өзін түзу қой деп ұрсатын.

Неге десем; жер киелі, тұз киелі деуші еді. Әйел қауымы бөлек уақытта, ерлер бір уақытта тұзға түсетін. Сол кездегі адамзаттан , қазіргілердің қандай айырмашылығы бар? Қоғам қағындыма әлде, заман қағындыма? Қазір мынау адамзаттың басына келген үлкен (нәубәттә) қоғамның бір-біріне деген жан ашымауын міне осыдан білуге болады…

Еліміздің түпкір-түпкірінен ағылған адамдар. Карантин уақытында шыдамдылығы жоқ( қазекеме ) әй адам болмассың дер ем. Ереймен» еріккеннің ерігетін елі емес. 30-шақырым жерден үйден шықпай отырмыз.
Кешегі өткен ғасырда, Көбейдің, Қоржынкөлдің, Ұштағанның, Теңіздің,  Майкөлдің, маңайында ел жайлаған болар? Асыл тұяқты жылқының өзі ішкен суын тамсанып ішіп, суға тышпас. Сол жылқы құрлы болмағанымыз ба? Мүмкін, осы тұздан ата-бабаларымыз асқа тұз салды ма ?  Тұзды шашпа, баспа деуші еді, мыналардың істеп жатқаны иттік.  Ереймен келімсектердің кемсітетін орыны емес дер едім. «Текті жердің -тегешіне түкірмеңіздер !» «Бабалардан қалған аманатқа-жаман ат болмасын! » Ерейменде айтарлық азаматтар жоқ демеңіздер, жетерлік.

Тегін айтпаған;
Ереймен талайларға арман жерсің,
Сәбірлі,Қантайлардан қалған жерсің ,
Кешегі Қанжығалы қарт Бөгенбай ,

Жантай сынды батырлардың,
Найзасын қанға бояп алған жерсің.

Ел азаматтарына рақмет, кеште болсада жолды жапқанына. Естері шыққан қымбат көлік мініп ойрандаған (есалаңдарға) есік жабылсын.  Алты төбеден асыл тұяқтының дүбірі ғана естіліп, ұшқан құстың саңқылдаған дауысы естілетін болсын.

Ерейменім !
Көсіле шабар жерің болсын,
Ту көтерер ерің болсын,

Қол боларлықтай елің болсын,
Шексіз көлің болсын,
Көл жайлаған төлің болсын!

Өкінішпен ….өгіз құсап өкіріп жазған жерлестеріңіз
Машкенов Боранбай.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.