(Суретте — ұстазым Рыскүл Досымова) Жыл сайын қашанда алғашқы және соңғы қоңырау соғылғанда «Ұстазым менің, менің ұстазым» деген әсем ән мектеп дәліздерінен естуге болады. Жалпы өнер жұлдыздары қашанда осы ардақты әнді естен шығарған емес. Сөзі А.Шамкенов, әні Ә.Еспаев ағаларымыздың еңбегімен дүниеге келген ән әрқашан жүректерімізге нұр ұялатады. Көз алдымызға сан жылдар білім мен тәрбие нәрін сепкен аяулы жандарымыз келетіні рас. ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Оралда №48 мектеп ашылды
Үстіміздегі жылдың 2-сәуірінде Орал қаласындағы Деркөл шағынауданында «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында бой көтерген 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. ЖОББ №48 мектептің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов пен қала әкімі Мұрат Мұқаев арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушылардың қуанышына ортақтасты. Елбасының білім саласына қамқорлығы ерекше екенін атап өткен облыс басшысы Алтай Сейдірұлы: – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ...
Толығырақ »Тәлімі жақсының – тәлімгері жақсы
Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқынды тәрбиелеу ісі екендігінде дау жоқ. Сондай-ақ, тәлімгерлерді бекіту тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 11 «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары ...
Толығырақ »Lesson Study — мұғалімнің шығармашылық алаңы
Қарағанды қаласында өткізілген «Зерттеу жобаларын жүзеге асыру арқылы Қарағанды облысының педагогтарына курстан кейінгі қолдау көрсету» семинарының екінші күні Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы Қарағанды қаласындағы филиалының директоры О.Г. Сурначева мен Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының директоры С.А. Сұлтанов өзара келісім шартқа отырып, Lesson Study жобасын мектепте іс-жүзінде жургізуге келіскен болатын. Қарағанды облысының Білім басқармасының ...
Толығырақ »Жеңімпаздарға – шипажайға жолдама
Жуырда Оралда Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасында дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өтті. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған спорттық шараның мақсаты – кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру және бірлігін нығайту, білім және ғылым қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Спартакиаданың ашылу салтанатында сөз алған облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Марат Даупаев қатысушыларға сәттілік тілеп, арнайы шақырумен ...
Толығырақ »Жаңашыл бағыттағы жас мамандар
Білім үйрен, керексізден жирен де, білгеніңді қорлама ұсақ күйбеңге! -демекші, іздену мен зерттеу нәтижесіндегі алған білімін басқалармен бөлісу жас мамандардың көрегенділігі. «Ертеңін ойлайтын, болашағына үмітпен қарайтын көшпелі ел ең алдымен ұрпақ тәрбиесіне, біліміне ерекше назар аударады», — деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, еліміздің елеулі азаматтарын тәрбиелеуде талаптан тысқары қалмай, белсенділік танытып жатқан Оңтүстік Қазақстан Облысындағы Ордабасы ауданы. Аудандық білім бөлімінің 29.01.2018 ...
Толығырақ »Қызылорда облыстық білім басқармасының мамандары ұстаздарға арналған «Е-методист» мобильдік қосымшасын жасап шықты
Мобильдік қосымша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында мұғалімдердің әдістемелік құралдарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ашық ресурс болып табылады. Қосымшада әдістемелік құралдар, авторлық бағдарламалар, шығармашыл мұғалімдер жөнінде ақпараттар және тағы басқа әдістемелік материалдардың электронды нұсқасы жинақталған. Мобильдік қосымша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»; «Орта білім»; «Техникалық және кәсіптік білім»; «Қосымша білім»; «Тәрбие және білім»; «Бейнесабақтар»; «Авторлық бағдарламалар»; «Әдістемелік құралдар»; «Білім ...
Толығырақ »Білімді шәкірттер – облыс мақтанышы
Қостанай қаласында 25-30 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада Батыс Қазақстан облысының оқушылары командалық есеп бойынша ІІ орынға қол жеткізді. Республикалық деңгейдегі білім додасында жерлестеріміз екі І орын, бес ІІ орын және алты ІІІ орындарды иеленген. Бір ғана Оралдағы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінен қатысқан үш оқушы да жүлделі орынды еншілепті. – Томирис Айшенова есімді шәкіртіміз – орыс ...
Толығырақ »Дизайн әдіснамасы
Қосымша білім беру ұйымдары мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру үшін «Бейнелеу өнері сабақтарында дизайн әдіснамасы» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар Қарағанды гуманитарлық колледжінің базасында құрылған оқу орталығында ұйымдастырылды. Бұл оқыту семинарының мақсаты – бейнелеу өнері сабақтарында дизайн әдіснамасын оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін үйрену болып табылады. Семинар барысында колледждің «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімінің жоғары санатты оқыушылары Дизайн әдіснамасы «Композиция» пәнін оқып үйренудегі ...
Толығырақ »Рухани жаңғырудың жаңғырығы
Рухани жаңғыру-келешектің кемел кепілі, бағдарлы болашақтың-сенімді кілті. Көз алдымызда жаңарып келе жатқан талай мемлекеттерге куəміз. Мүмкін, жаңа техналогия, экономика, спорт, өнер жағынан. Тағысын, тағы… Міне бұл бастаманың басты мақсатыда осы. Дамыған мемлекеттермен тереземіз тең,қатарымыз озық болуы үшін аянып қалмағанымыз жөн. Елбасының елеулі жолдамасы елеусіз қалмауы қажет. Туған жерге деген тағылым,бəсекелестік,өлкетанушылық барлығыда осы бастамада түйіскен. Əркімнің белі бұрып,жаны аңсап тұратын өзіне ...
Толығырақ »