Home » Жаңалықтар » Рухани жаңғырудың жаңғырығы

Рухани жаңғырудың жаңғырығы

Рухани жаңғыру-келешектің кемел кепілі, бағдарлы болашақтың-сенімді кілті. Көз алдымызда жаңарып келе жатқан талай мемлекеттерге куəміз.  Мүмкін, жаңа техналогия, экономика, спорт, өнер жағынан. Тағысын, тағы…
Міне бұл бастаманың басты мақсатыда осы. Дамыған мемлекеттермен тереземіз тең,қатарымыз озық болуы үшін аянып қалмағанымыз жөн. Елбасының елеулі жолдамасы елеусіз қалмауы қажет. Туған жерге деген тағылым,бəсекелестік,өлкетанушылық барлығыда осы бастамада түйіскен. Əркімнің белі бұрып,жаны аңсап тұратын өзіне ғана тансық туған жерге деген ыстық сезімі болады. Рухани жаңғыру-міне осы сезімнен бастау алған-ды. Дамушы елден дамыған елдер қатарына қосылу-болашақтың тізгінінде. Ал болашақ қазірден басталады. Санасы терең, көкірегі ояу, сауатты ұрпақтардың елге жасар еңбегі мол. Осындай мақсаты айқын жастардың ертеңі жарық,көрері көп, көрегенді тұлға болып қалыптасатынына біз сенімдіміз.
Осы кезге дейінгі талай жетістіктер тынымсыз еңбек пен маңдай тердің арқасында келді. Ендігі міндет бабаларымыздың өшпес асыл мұрасын жаңғырту. Бір еленетін жайт «ұлттық кодты» ұмытпауымыз керек. «Рухани жаңғыру»деп төрткүл дүниеге жар салғанымызбен, «ұлттық кодты» ұмыту мемлекеттің əлсіздігі. Рухани жаңғыру-ой-өрістің дамуы, ұлттың бірегейлігі, алға нық сенімді қадам басу. Бастысы əлемдік толқынысқа тосқауыл бола білу маңызды. Межеленген межеге, меңзеген мақсатқа жету — ұлт алдындағы елеулі міндет. Жарқын болашақ ғылым мен білімнің ұштасқан тұтастығы.

Балсұлу Сәбитова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.