Home » Жаңалықтар (page 241)

Жаңалықтар

Көкшетау қаласында дзюдо күресінен біріншілік өтті

   Көкшетау қаласында «Бурабай» спорт кешенінде дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен дзюдо күресінен 2003-2004, 2005-2006, 2007-2008 жылғы  жасөспірімдер арасында қалалық чемпионат өтті. Жалпы саны 108 спортшы қатысқан іс-шараға Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен наурыз мейрамына орай өткізілді. Жас спортшылар 38-66+, 34-55+, 24-44+ салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті.Жарыста Көкшетау, Щучинск қалаларындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, «Бірлік» шағын ауданы мен ...

Толығырақ »

Мешітін тапқан мінбер

«Балам дейтін елі болмаса , елім дейтін бала қайдан шықсын» — демекші Рухани жаңғыру бағдарламасының аясындағы «Туған жерге тағзым» іс –шарасы көп азаматтарға жақсы ой салуда. Игілікті істің бірі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылында болды. Ауылдағы 148 қазақ орта мектебінің түлегі әрі сол мектептің технология пәнінің мұғалімі Дулығаев Ақылбек он саусағынан өнер тамған жан. Ауыл тұрғындарын имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа ...

Толығырақ »

Мәртебең қандай, жетекші?

Мұғалім – мектептің жүрегі. Ал жетекші сыныптың тірегі. ХХІ ғасыр талабына сай тұлға қалыптастыруда көп күш ауыртпалық жетекшілерге жүктелуде. Тіпті білім алушылардың ата –аналарына түсіндірме жұмысын жүргізудің өзін сынып жетекшіге жүктеп қоямыз. Жаңартылған білім мазмұнына сай сынып жетекшілердің жүргізетін тәрбие бағыттарына, мың сан жұмысына қарамастан Қызылорда облысы Шиелі ауданы №148 қазақ орта мектебінде «Ең үздік тәлімгер жетекші -2018» байқауы болып ...

Толығырақ »

Наурыз мейрамы

 «Жадырап күн сәулесі нұрын төккен, Әз-Наурыз келіп жетті көптен күткен». Жуырда, дәл осындай тақырыппен Алматы қаласы , Алатау ауданына қарасты №177 бөбекжай-балабақшасында мерекелік кеш болып өтті. Балабақша меңгерушісі Нуршаева Эльмира ханымның айтуынша, шараның мақсаты ұлттық мереке қарсаңында бүлдіршіндерге   халықтың сан ғасырлардан бері тойлап келе жатқан мейрамының құндылығын ұғындыру. Мән-маңызы жас ұрпақ тәрбиесінде айрықша орын алатын шараға қонақ ретінде балабақша тәрбиеленушілерінің   ...

Толығырақ »

Армысың, әз Наурыз!

Бүгін ғасырлар қойнауынан бастау алған ерекше, ұлық мерекеміз келіп жетті. Наурыз – жақсылықтың жаршысы, жаратылыстың шынайы жыл басы. Бұл – бабаларымыздың бағзы заманнан бері тойлап қалдырған аманаты, береке-бірліктің, ізгіліктің символы. Қазақстанда оны еліміздің барлық этнос өкілдері атап өтеді. Иә, күн мен түннің теңесіп, қыс пен жаздың түйісер тұсы – әз-Наурыз! Қазақ халқы әлімсақтан Наурызды жыл басы, ұлыстың ұлы күні деп ...

Толығырақ »

«Рухани Жаңғыру» кабинеті ашылды

Өткен аптада  Павлодарда М.Катаев атындағы оқушылар сарайында  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Талғат Ешенқұлов, облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, сондай-ақ, «Ыбырай Алтынсарин» белгісінің иегері Николай Силкин, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Арман Қани, профессор Алтынбек Нұхұлы, Павлодар облысы ішкі саясат бөлімінің  басшысы Ерлан Дәуенов ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛАР ҚАДАМ

Биылғы  жылдың 29 қаңтары күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы ПҚ БАИ» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының басым бағыттарын талқылау мақсатында «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбында диалогтік алаң өткізді. Іс-шараға  филиалдың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, Алматы облысындағы мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтары қатысты. Жиынды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ...

Толығырақ »

Жас дарындар- мектеп мәртебесі

    Талабы таудай, өз мақсатымен  елінің мақсатын үндестіре білетін, білімді, шығармашыл шәкірттер мектептің айбыны десек те болады. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс»-деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  соңғы 2018 жылдың 10 қаңтарында  жарияланған  жолдауында айтқан сөзі – бастамашыл бағытта жұмыс жасайтын  ұстаздар алдына межелі ...

Толығырақ »

Жан жылуын сыйлаған қайырымдылық шарасы

Ағымдағы  жылдың 19 наурызында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және «Сыр мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қорының бірлесе ұйымдастыруымен әлеуметтік жағынан қорғалмаған, көмекке мұқтаж, тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық шарасы өткізілді.Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен көмекке мұқтаж отбасыларға қамқорлық жасау, көмектесу, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған игі шара барысында ...

Толығырақ »

МОЛ РУХАНИ АЗЫҚ АЛДЫМ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы республикалық курста біліктілігімді арттырудамын. Курс аясында тренеріміз Рысгүл Нұрова түрлі практикалық тапсырмалар орындатты. Солардың ішінде мен тылсым тарихын балбал тастарға мүсіндеген, рухани әлемін зергерлік әшекейлеріне күміспен күптеп, күйлерінің күмбірімен көмкеріп, жырларымен жиектеген, өткені өнегелі, бүгіні бай да, баянды, келешегі көңілге шалқар шабыт ұялататын, 362 әулие мен Пір ...

Толығырақ »