Home » Жаңалықтар (page 193)

Жаңалықтар

Рухани жаңғыру – патриоттық тәрбие бастауы

Шаңырағынан шаттық кетпей, болашақ елдің атқа мінер ұл-қыздарына тәлім-тәрбие, бойларына ұлттық рух пен патриоттық сезім қалыптастырып отырған білім ошағының бірі-қаладағы №77 «Қошақан» балабақшасы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»атты бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат мүдделер туралы өзекті ой қозғауы болашақ ұрпақты ұлттық болмыстан ажыратпауда жатыр. Оған ...

Толығырақ »

Үштілділік жарқын болашақтың кепілі

Білімі терең, жан-жақты жас ұрпақ еліміздің баға жетпес қазынасы. Бұл тұрғыда заман көшінен қалмай замануи ұрпақ тәрбиелеуде көш бастап келе жатқан  балабақшаның алар орны даусыз. 13 желтоқсан күні қаладағы №85 «Мейіржан» санаториялық балабақшасында «Үш тілділік- жарқын болашақтың кепілі» атты қалалық семинар өтті. Семинарға қаламыздың. №38 «Шаттық», №70 «Құлыншақ», №92 «Жауқазын», №45 «Самұрық» №57, № 47 балабақшаларының меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты. ...

Толығырақ »

 Тараз қаласының №44 орта мектебінде Амангелді батыр ұлықталды  

  Жамбыл облысы, Тараз қаласының Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде тарих пәні ұстаздары М.Ақбергенова, Д.Нұрбекова, Қ.Умиралиева, Д.Нүсіпбек және Г.Зорбаеваның мұрындық болуымен халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 145 жыл толуына орай «Ердің ері – Амангелді» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.    «Ер есімі – ел есінде» дегендей, Амангелді Үдербайұлы Имановтың 145 жыл ...

Толығырақ »

«Право» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен 2018 жылғы 19 желтоқсан күні  «Террористік белсенді аймақтардан келген кәмелетке толмағандарды және олардың отбасыларын дерадикализациялау және оңалту жөніндегі қызметті ұйымдастыру. Кәмелетке толмаған балаларды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталықтарын дамыту» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізеді. Іс-шараға ҚР Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, орталық ...

Толығырақ »

Тәуелсіздік туы білімді ұрпақ қолында

Ұлан-байтақ жерде орналасқан іргелі еліміздің тәуелсіздік алғанына 27 жыл толып отыр. Осы жылдар арасында Қазақстан өз еркіндігін сезініп, сан қырлы өзгерістерді бастан өткізіп, тынбай қарқынды дамып келеді. Егемендік алып, ес жиғалы бері жеткен жетістік пен жеңісте есеп жоқ. Бағындырар биігіміз бен алар асуымыз да әлі көп. Көк аспанның астында көк тудың күнделікті желбірегенін көріп жүрген бізде арман жоқ шығар,сірә?!  Өткенін ...

Толығырақ »

Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік

Біз шын мәнінде ұл тәрбиелей отырып халықты, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейтін тектілердің жалғасымыз. Бақытын баламен бағалайтын ата-ана үшін екінші анасындай болған тәрбиешінің алар орны бөлек. Демек, ертеңгі ел тірегі ұлағатты ұл-қыздарымыздың алғашқы тәрбие ошағы-  балабақша. Өзінің де, өзгенің де баласын бауырына басып, жан жылуы мен қатар санасына білім нәрін құйып, тәртіпке талаппен емес ақылмен сала білетін педагогтардың ортасы, ұядай ...

Толығырақ »

Көшпелі көрменің кереметі көп

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне көшпелі көрме келді.  Шаһарымыздағы Абайдың әдеби –мемориалдық қорық мұражайы қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған шара қазақтың бас ақынына арналған. Білім ордамыздың дәлізіне қойылған көрмеден Хәкім Абайдың өнегелі өмірімен жақынырақ танысуға болады. — «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы», — деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, адамзаттың Абайы атанған ...

Толығырақ »

Пікір сайыс өтті

Назарбаев Интеллектуалды Мектебінің ұйымдастыруымен өткізген Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына  байланысты 2018 жылдың 14 желтоқсанында облыстық деңгейінде дебат сайысы өткізілді. Бұл сайысқа 16 мектеп қатысып, оның құрамында қаламыздың «Мұрагер»,  «Қазақ түрік лицейі», «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» және қаладағы бірнеше мектеп командалары қатысты. Пікір-сайыс өскелең ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа баулу, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Аталмыш шараға барлық оқушылар сайыс тәртібі ойын жүргізу ереже ...

Толығырақ »

Күн дидарлы Қазақстан!

Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы №10 жалпы білім беретін орта мектебі жанынан құрылған «Балдырған» шағын орталығында Тәуелсіздік мерекесінің 27 жылдығына арналған іс-шара «Күн дидарлы Қазақстан» тақырыбында ұйымдастырылды. Жалпы іс-шара мектепке дейіңгі тәрбиеленуші бүлдіршіндердің  арасында өткізілді.Тәрбие сағатының мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыруға басым болды. Кеш барысында кішкентай бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, ...

Толығырақ »

Ұлы дала ұрпақтары

 Осыдан 27 жыл бұрын егемендігімізді жариялап,тәуелсіздікке қол жеткіздік.Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни,егеменді, дербес мемлекет. Осы тәуелсіздікті алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен қазақ халқы әлемге танылды. Ерлігін көрсетті, елдігін танытты. Тәуелсіздік — азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы — өжет, ұлы — қайратты, халқы — қаһарман.Тәуелсіздік-ұлттық тілдің, дәстүрдің, ...

Толығырақ »