«Право» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен 2018 жылғы 19 желтоқсан күні  «Террористік белсенді аймақтардан келген кәмелетке толмағандарды және олардың отбасыларын дерадикализациялау және оңалту жөніндегі қызметті ұйымдастыру. Кәмелетке толмаған балаларды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталықтарын дамыту» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізеді.

Іс-шараға ҚР Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссияның, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау өңірлік орталықтарының директорлары мен психологтар қатысады.

Террористік белсенділік аймақтарынан келген балаларды және олардың отбасыларын қайта дерадикализациялау жане әлеуметтендіру  – бүгінгі күннің өзекті мəселелері.

Сонымен қатар, жастардың радикалдануы — қазіргі таңда әлеуметтік, мәдени, менталды және адамгершілік мәселелерінің кешені аясындағы ең қауіпті және өткір проблемалардың бірі.

Аталған республикалық семинар-кеңес жылдың қорытынды шарасы. Онда террористік белсенділік аймағынан келген немесе заңмен қайшылықтағы кәмелетке толмағандарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту перспективалары анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық семинар-кеңес  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Террористік белсенділік аймақтарына қатысушы кәмелетке толмағандарды дерадикалдандыру және оңалту жөніндегі қызметті ұйымдастыру» жобасы шеңберінде іске асырылатын негізгі іс-шаралардың бірі.

 

                                Өткізілетін орны:  Астана қ. «Пекин Палас» отелі
Басталуы сағат  9.30-де.
Анықтама үшін: +7 708 394 15 49 (Асем Сарсенбаева)

                      +7 7172 63 46 24

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.