Home » Білім және тұлға (page 36)

Білім және тұлға

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК — БҰЛ ТҰЛҒА БОЙЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІҢ ЖИНАҒЫ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп ...

Толығырақ »

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Алғашқы  әскери дайындық  сабағы  1995 жылы қабылданған  Жалпыға бірдей  әскери  міндеттілік  туралы заң  негізінде  жалпы білім  беретін білім ошақтарында оқытыла  бастады. Осылайша  ел қорғаны болып, ертеңгі  күн қарулы күштер қатарын толықтырар  жау жүрек жауынгерлерді тәрбиелеу бүгіннен басталатыны айқындалды. Бұл орайда  «Алғашқы әскери  дайындық»  пәнінің  алар орны ерекше. Мектеп қабырғасында жүріп  ұл мен қыз бойында патриоттық  сананың қалыптасуы  аса қажет қасиет. ...

Толығырақ »

Менің арманым

Менің арманым көп. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деп жәй айтылмаған. Адам болып жаратылғасын жан дүниеңде тамыр жайған арман болады. Адам баласына сана-сезім, ой-түйсік берілгесін қиялыңа қанат байлап, армандарыңмен бірге әлемнің төрт бұрышын шарлайсың. Ол армандарың өзіңмен бірге өседі, өркендейді. Бала кезден аңсаған сол армандардың ішіндегі жүрегімнің бар пернесін басатын арманымның ең асылы ол халықыма қалаулы, еліме елеулі, мықты ...

Толығырақ »

Өзін өзі тану пәні арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарға жетелейміз

Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі. Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспаса, бұл қасиеттер ...

Толығырақ »

«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ТАНЫМ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ҮШІН ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ»

Ұлы чех педагогі Я.А.Каменский осыдан бес жүз жыл бұрын айтып кеткен сөзімен бастағым келіп отыр. «Мұғалім алдыменен оқушының білімді қабылдауға дайын болуы үшін не істеуім керек деп ойлануы тиіс. Мұғалім оқушыға тәлім-тәрбие берместен бұрын, оның білім алуға деген ынтасын оятуы керек» деген сөзі әлі де заманға сай болып отыр. Тағы да бір көрнекті швед педагогі И.Г.Песталоцци екі жүз жыл бұрын ...

Толығырақ »

Сіз сияқты тұлға болғым келеді

Қазақ халқы қашанда тілге шешен, сөзге жүйрік болған. Қандай жағдай болмасын бір ауыз сөзбен-ақ жаудың бетін қайтарып, түйінді шешімін қоя білген. Сол себепті де болар біздің байтақ, киелі жерімізден аузы дуалы билер мен көсемдер көптеп шыққан. Халықтың мұңын мұндап, солардың қамы үшін түн ұйқысын төрт бөлген азаматтарда аз емес. Әрбір адам баласы өмірде ұлы тұлғаларға еліктеп, сол тұлғалардың жасаған ісін, ...

Толығырақ »

Қалдырған ізің мәңгілік…

Әр заманның, әр тарихи кезеңдердің өзіндік дарынды өкілдері дүниеге келіп, олар өз елінің, өз халқының мұң – мұқтажын көре отырып, бар күш жігерін, өз халқының өркендеп өсуіне, дамып жетілуіне, азамат ретінде ықпал етеді. Сондай тұлғалардың бірі – аса көрнекті, дарынды ағартушы, жаңашыл ұстаз, өз халқының інжу –маржан жырларын жақсы білетін , ақын –жазушы қазақ халқының дарынды перзенті Ыбырай Алтынсарин. Ол ...

Толығырақ »

Қамбар батырды «алқаш» еткен БҒМ оның ізбасарларын дайындап жатыр

«Бір қызымнан бір қызым сорақы» дегендей бір оқулығымыздан бір оқулығымыз сорақы болып барады. Өткен жылы ғана Қамбар батырды «алқаш» еткен БҒМ биыл 5 сынып оқушыларына сол Қамбар батырдың «жолына» қалай түсу керектігін үйретіп жатқан секілді.  Әрине, батырлық жолына, ерлік іздеріне қалай түсу керектігін үйретсе жаман тымағымызды аспанға лақтырып қуанар едік, сорақысы сол бұл жолы да оқулық құрастырушылар Қамбар батырдың өздері ...

Толығырақ »

Білу, үйрену…

Адам баласының білгенінен білмегені көп. «Білгенім бір болса, білмегенім тоқсан  тоғыз» деген сөз бар емес пе?  Білуге, үйренуге ұмтылу бұл бір үлкен құштарлық. Сіз бұл туралы ойландыңыз ба? Нені білгіңіз келеді? Неге құштарлығыңыз  басым? Адам бір нәрсені білуі үшін оған деген қызығушылығы болуы керек.  Қызығушылық — бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құштарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның ...

Толығырақ »

«БІР ЖАПЫРАҚ ҚАҒАЗДАН КӨПТІҢ ҚҰРМЕТІ ҚЫМБАТ»

Рахима Махметова, биология және география пәнінің мұғалімі: Рахима Махметова Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы №1 Ұлытау орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі. Білім беру саласына 36 жылын арнаған ағартушы бүгінде зейнеткерлік жасында. Кеңестік білім беру жүйесін көзімен көріп, егемен елдің жаңа бағытымен білім беріп жүрген, яғни,   кешегі мен бүгінгіні салыстыра алатын білікті ұстазбен сұхбаттасудың сәті түскен еді оқыңыз, ой қорытыңыз. – Рахима ...

Толығырақ »