«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша «Ұстаз – ұлы тұлға» деген сөзді күнделікті өмірде жиі айтып, жиі естиміз. Осы бір қарапайым сөздің мән-мағынасы, түп тамыры неде? Болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, баланың арман-қиялын көкке жеткізетін, бала жанын қалтқысыз түсініп, оның ең бір жақын досына айналатын, өзінен гөрі шәкіртінің мұң-мұқтажын бірінші орынға шығарып, бар күш-қуатын балаға бағыттайтын да осы ұстаз емес пе! Мұғалім ...
Толығырақ »Білім және тұлға
ЕҢБЕКПЕН ШЫҢДАЛҒАН ЕР
Жаныңда жүр жақсы адам Өңірімізде ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандар жетерлік. Солардың бірі – 30 жылға жуық «Павлодар Алюминийі» АҚ-да мінсіз қызмет етіп, жүздеген жастардың металлургия саласындағы кәсіби іскерлігі мен шығармашылығын шыңдаған білікті тәлімгер, өндірістік оқыту шебері әрі Павлодар өңіріндегі Туризм және спорт саласының ілгерілеуіне тер төгіп жүрген ағамыз Базарғали Алиев. — Мен Павлодар Алюминий зауытына 1988 жылдың ...
Толығырақ »ЖАҚСЫ ЖҰМЫС – ЖАНҒА ТЫНЫС
«Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы бойынша Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтік Ақсу медико-әлеуметтік мекемесінің аға медбикесі Нанағыз Бабаева Әзірбайжан елінің Нахичевань қаласында Бабаевтар отбасында үш ұл, жеті қыздың бесіншісі болып дүниеге келеді. Қос жанары қарақаттай, сүп-сүйкімді, қағілез немересіне әжесінің көңілі айырықша түсіп, есімін өзі қояды. «Нанағыз» — әзірбайжан тілінде «әжесінің қызы» деген мағынаны білдіреді екен. Сөйтіп, әжесінің еліктің лағындай ...
Толығырақ »ӨҢІР ТАРИХЫ – ҰРПАҚТАР ТАМЫРЫ
Тарих – адамзаттың рухани дамуын сипаттайтын және болашақты қалыптастыруға бағыт-бағдар сілтейтін қоғамдық ғылымның негіздері. Ал оны бұлтартпас құнды дәлелдерімен халыққа лайықты ұсына білетін кәсіби, білікті мамандарды сол саланың зергері десе болғандай. Бүгінгі сұхбатымыздың бас кейіпкері – аталмыш саладағы ерен еңбегінің нәтижесінде бірқатар шет елдерге де танымал болған тарихшы, ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Омарұлы Артықбаев. -Жамбыл ...
Толығырақ »Ғылым қуған дарынды қыз
«ЖЖА» жобасы бойынша Бүгінгі күнгі дамып келе жатқан экономика күн санап қарқындылықты көрсетуде. Әрине, бұл жаңа жаңалықтар мен инновациялық дамудың әсері болар. Қазақстан өзінің серпінді дамуы барысында өркендеудің соңғы сатысы – ақпараттық кезеңге аяқ басып келеді. Бір қуантарлығы, қазір үкімет тарапынан жас ғалымдардың кәсіби қалыптасуына, шығармашылық өсуіне, ғылыми-зерттеу қызметіне тартуға, кәсіби және әлеуметтік салаларда олардың мүддесін көрсетуге ықпалы тиіп келеді. ...
Толығырақ »БІЛІМ САЛАСЫНДА ТАҒЫ ДА ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР
Биылғы 2017-2018 оқу жылы білім беру жүйесіне 5 күндік оқу аптасы, сабақ ұзақтылығын 40 минутқа қысқарту, мектептерде Қамқорлық кеңестерінің қызметін қайта жандандыру тәрізді бірқатар өзгерістерін ала келді. Бұл жөнінде нақтырақ мәлімет алу үшін Павлодар қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Гульсина Шайдулловна Шиндлярскаямен әңгімелескен едік. Гульсина Шайдулловна, соңғы жылдары білім саласы көпшілікті тың жобаларымен таң қалдырып, қоғамның талқылау алаңына айналғаны ...
Толығырақ »Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ең алғашқы ұстаз бейнесі – оң-солын танып үлгермеген баланың алдағы бүкіл өміріндегі ой дәрежесіне әсер ететін ерекше бейне. Гүл өсіруші бағбан сияқты бар білген ғибратын жас бүлдіршіндердің санасына сіңіру үшін өзінің бар энергиясын жұмсайды. Әр үйдің «алтын қазынасы» боп жүрген балалардың бойындағы рухани байлықтың бағасын арттырады. Қолына қалам ұстатып, «білім» атты берекелі әлемнің табалдырығынан аттататын тұлғаны қанша жерден әспеттесек те, ...
Толығырақ »Үйретері мол ұстаз!
«Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді. Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады» — деп ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқандай, біздің мектебімізде де жас мамандарға үйретері көп ұстаздар бар. Сондай ұстаздардың бірі І (ілгері) деңгей курсын аяқтаған орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Умарбаева Гүлнар Оңғарқызы. Өз ісін терең меңгеріп, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген ұстаз күнделікті сабақтарын жаңа технология бойынша ...
Толығырақ »Ұстаздық еткен жалықпас…
Мұғалім мектепте басты тұлға. Ол өзі ісімен өзгеге үлгі болып, жетекшілік етеді. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде болады. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықтың иесі Т.Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ауезбеков Ералхан Теміханұлы. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: ...
Толығырақ »Ұлағатты ұстаз
Біз сөз еткелі отырған ұлағатты ұстаз – Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №18 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі – Ақмаржан Сексенқызы Бақытова. Ол қазақ тілі және әдебиеті пәнін оқыту әдісін жетік білумен бірге, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын еңбексүйгіш жан. Ұлағатты да, аяулы ұстаз білім саласында 25 жылға тарта еңбек етіп келеді. Өмірде бақытты адамдар өте көп. Мұндай ...
Толығырақ »