Home » Білім және тұлға (page 24)

Білім және тұлға

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ білім беру үдерісіндегі заманға сай өзгерістерді енгізу барысында ғылыми-техникалық прогрестің шыңына шыққан өркениетті елдердің тәжірибесін тиімді пайдаланып, ұстаздардың біліктілігін арттыруды бастап кетті. Оның ішінде, бұл орталықтың Маңғыстау облысы бойынша филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыс ұстаздарын үздік стандарттарға бейімдеп, озық әдістемелерді үйретіп келеді. Өзгеше ойлап, жаңаша әрекет ететін жастар көшін қалыптастастыру үшін алдымен ұстаздар үздік үлгі ...

Толығырақ »

Ұстаз еңбегі шәкіртімен елеулі

Қарахожаева Сабира ұзақ жылдардан бері Мұнайшы ауылында орналасқан «№7 орта метебі» КММ-де қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі ретінде ұстаздық қызметін атқарып келеді. Оқушыларға орынды талап қоя білетін, өз ісіне шебер ұстаз ретінде осы жылдарда талай балғын шәкіртті алдағы кезеңде кәдеге асар кәсіпке баулып, үлкен өмірге жолдама берді. Апайымыздың қолынан түлеп ұшқан шәкірттері бүгінде өз орнын тауып, сан-салалы жұмыс орындарында ...

Толығырақ »

ОМАРОВА ЗУЛФИЯ АЛДАШҚЫЗЫ. Ұстаз өмірінен

  Сұрақ қойған бес минут қана ақымақ болса,  Оны қоймаған өмір бойы ақымақ боп өтеді. Қытай даналығы. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай  Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКПЕН ЕРЛЕГЕН ҰСТАЗ

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстазға ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген екен. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір шәкіртке деген қамқорлықтың, ағалық сезімнің, ...

Толығырақ »

Мұғалім – жай ғана мамандық иесі емес

Редакциядан «Жаныңда жүр жақсы адам» айдары бойынша сұхбат даярлау  керек деген тапсырманы алысымен, алып шахар Алматының іші-сыртындағы білім ошақтарын дамыл таппай аралап жүрген жайымыз бар. Мақсатымыз — сұхбат алып, сөзін қалдыруға жарарлық ұстаздарымызды ашық әңгімеге тарту. Айдарымыздағы кезекті сұхбаттың бұл жолғы кейіпкері Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылындағы №10 орта мектепте химия-биология пәндері бойынша ұстаздық етіп жүрген Қожанова Алтын Күреңтайқызы болды. ...

Толығырақ »

Рыспембетова Жеңіскүл Аманбайқызы. Бағы бар бақыт мекені

   «Бақ» — сөзінің  үш түрлі мағынасы бар. Біріншісі, әр түрлі ағаш өсірілген жер, екіншісі, мерейі үстем болды, ісі оңға басты, ал үшіншісі, бағу, қарау, тәрбиелеу мағынасында. /«Қазақ тілі түсіндірме сөздігі», 100-101 беттер. Алматы 2008 жыл./ Осы бақтың үшеуі де біздің мектебімізге, Ы.Жақаев ауылындағы №149 «Қызылту» орта мектебіне, бұйырған. Олай дейтінім, мектеп ауласындағы 200-дей мәуелі ағашы бар жеміс бағын айтпағанда, ...

Толығырақ »

Әскери – патриоттық тәрбие мен білімді ұштастырған ұстаз

«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша Алматы қаласы, Медеу ауданына қарасты №33 мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Алиев Нұрлан Меркенұлымен әңгімелесіп қайттық.   Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, адал еңбек пен отансүйгіштікке баулып жүрген ұстаз Меркенұлы Нұрлан 1985 жылы 15 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылында дүниеге келген. 2002 жылы мектеп табалдырығын жақсы ...

Толығырақ »

Ғалымның хаты өлмейді…

Қазақтың ұлттық әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымында өзіндік дара сүрлеу салған сыншы, көрнекті қаламгер, кәсіби сынның ауыр жүгін арқалап, ондаған жылдар бойына жемісті еңбек еткен туған топырағымыздың төл перзенті — З.Серікқалиұлы туралы бүгінгі күні ерекшелеп айтсақ жарасады. Өйткені, Құрманғазы топырағынан түлеп ұшқан тума талант, әдебиет пен сынның биік белесіндегі дарын З.Серікқалиұлының туғанына 2018 жылдың 10 ақпанында 80 жыл толғалы отыр. ...

Толығырақ »

МЕНІҢ АНАМ – ҰСТАЗ

Менің анам бастауыш сынып мұғалімі. Қуатова Балкүміс Назарәліқызының еңбек өтілі 25 жыл. Оның 24 жылын Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясында жұмыс істеп келеді. Білімі жоғары Анам өз мамандығын терең меңгерген, әдістемелік шеберлігі шыңдалған, оқушы шығармашылығын қалыптастыруда әр сабағын заман талабына сай жаңа технологиялық әдістермен өткізетін ұстаз. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп ...

Толығырақ »