Жаныңда жүр жақсы адам «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі балаларға үйретпекші нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек» деген екен қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы. Мұнда дана бабамыз ел болашағы – жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуға бел буған адамға жүктелер ...
Толығырақ »Білім және тұлға
Талантты тәрбиеші
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. Абай Бүгін 2018 жыл мамыр айының 18 күні Астана қаласы №56 «Береке» балабақшасында «Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша он екі жылдық еңбек өтілімі бар бірінші санатты тәрбиешісімен сұхбаттастық. Абдыкаимова Бахытгүл Каракойшиевна Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш, Қараарша ауылында 1971 жыл 6 сәуірде дүниеге келген. Негізгі мамандығы жоғары Алматы ...
Толығырақ »Білімді басшы — білікті маман
«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе – білім» — деп М. Әуезов айтпақшы адамзатқа ең бірінші білім керек. Бүгінгі таңда еліміздегі білім саласындағы жаңа бағдарламалар мен өзгерістер озық технологияларды меңгерумен қатар ұлт болашағының дамуына бағытталған. ХХІ ғасыр – білімдінің заманы. Білімділік – бәсекелестікті туындатады. Бәсекелестік – қабілеттіліктің бастауы, ал қабілеттілік – жаңашылдық жаршысы. Осы ретте, Қызылорда облысы, Арал қаласындағы № 71 ...
Толығырақ »Жаңа әдістер жетелесін жеңіске
Егемен Қазақ елінің білімі мен ғылымының стратегиясы, білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуімен анықталады. Қазіргі мектептердегі оқушылардың бойындағы функционалды сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани ...
Толығырақ »ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ – МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕМІСІ
Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ...
Толығырақ »«Мемлекетке қызметің — еліңе қызмет етуің»
Нағыз мемлекеттік қызметкер дегеніміз– елдің мүддесі үшін өз күшін, уақытын аямай еңбек ететін тұлға. «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады». Н.Ә. Назарбаев Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, ...
Толығырақ »Елбасы саланы цифрландыру жұмыстарына оң бағасын берді
Мамырдың 15-і күні Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім саласын цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған Оралдағы Оқушылар сарайында болған Президент алдымен мұндағы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығына бас сұғып, балғын спортшылармен әңгімелесті. Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ...
Толығырақ »Мазмұны жаңарған білім – заман талабы
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында біздің елімізде де «Балалар ХХІ ғасырда табысты және білімді болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай болу керек?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Барлық оқушылар өздері ...
Толығырақ »Бабаларға мың тағзым!
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды! Жарты әлемді шарпыған 2-ші дүниежүзілік соғыс қаһармандарының қатары күн санап сиресе де, оларға деген құрмет төмендеген емес. Дегенмен арамызда сұм соғыстың жеңіспен аяқталғанына 73 жыл толуын қарсы алып отырған қарт майдангерлер де жоқ емес. Солардың бірқатарына Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары арнайы барып, Ұлы мерекемен құттықтап қайтты. Мектебіміздегі алғашқы әскери дайындық ...
Толығырақ »Біліктілікті арттыру
Ең көп сынға ұшырайтын да, өз жұмыстарының әр саласында көп жаңалықтар енгізетін де білім саласы. Білім беру саласы балабақшадан бастап, орта мектеп, одан кейін жоғары оқыту орындары әдістемелік оқыту өзгерістерінің қаншама түрін бастан кешсе де, тоқталар түрі жоқ. Сондай бір жаңалықты білім беру әдістемесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологияларды «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық ...
Толығырақ »