Home » Балабақша (page 49)

Балабақша

Көркемдік- эстетикалық әлеміне саяхат

Әрбір ұлттың өзіндік құндылықтары болады.  Сол секілді біздің де, өзімізге тән ерекшелендіріп  тұратын  ұлттық құндылықтарымыз бар. Әдет-ғұрыптарымыз, ертегілер, мақал-мәтелдер, лиро –эпостық және батырлар жыры, мәдениет, ұлттық қолөнер, тұрмыстық бұйымдар, жұмбақтар, жаңылытпаштар осылардың барлығын ұлттық құндылықтарымызға жатқызамыз.Елбасымыз«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт –дәстүріміз, тіліміз бен  музыкамыз, әдебиетіміз жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды дәріптеп, ұлттық құндылықтарымыздыбойына сіңірген, білімді де, ...

Толығырақ »

Сүйіншілі жаңалық!

Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жыл «Жастар жылы»деп атап кетуінің өзіндік мәні бар. Сол жастар-бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақтар. Ал ол ұрпақтарға білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы отбасы мен балабақшадан басталады. Оы орайда № 60 «Арай» балабақшасында келешек жастарды тәрбиелеп отырған мамандардың еңбегін мақтанышпен айта аламын. Осы мекемеде бала тәрбиесі, біліміне белсене араласып жүрген тәрбиешілер балаларға білім  мен тәрбиеге ғана ...

Толығырақ »

«Шаңырақ» сайысының жеңімпаздары

Нұр-Сұлтан қаласы №15 «Дарын» балабақшасының аясында 2019 жылдың 10 сәуір күні «Есіл» ауданына қарасты балабақшалар арасында отбасылық «Шаңырақ» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – отбасы ынтымағын нығайту және бүлдіршіндердің бойында ұлттық құндылықты қалыптастырып, рухани бай, дарынды балаларды тәрбиелеу. Сайыста №15 «Дарын», №63 «Әсем-Ай», №68 «Балбұлақ», №78 «Асыл», №82 «Айару»балабақшаларының атынан шыққан отбасылар өзара бақ сынасты. Бас жүлдеге №63 «Әсем-Ай» балабақшасының намысын ...

Толығырақ »

«Толағай» балабақшасы

2009 жылдың қырүйек айында сол кезеңде елімізде кеңінен өріс тапқан «Балапан» бағдарламасы бойынша «Толағай» балабақшасы ашылып, «Көгілдір тоғандар» тұрғындары орасан зор қуанышқа кенеліп еді. Содан бері өткен 10 жыл ішінде  балабақша ұжымы ата-аналармен бірлесіп бүлдіршіндерге сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында жемісті еңбек еткен екен. Бүгінгі таңда балабақша өміріне қоғам назарын аудару, педагогтардың білім-біліктілігін жетілдіру, бүлдіршіндерді психологиялық және физиологиялық тұрғыда ...

Толығырақ »

Балалардың тәрбиесіне тәрбиешінің көзқарасы

«Не ексең соны орасың» деген қазақта керемет сөз бар. Мұның бала тәрбиесіне қатысып айтар болсақ жастайынан балаға қандай тәрбие берілсе, сол оның өмірдегі іргетасы, қалануы. Дүниеге шыр етіп келген бала алдымен анасы мен әкесінен тәрбие көрсе, келесі кезекте балабақшадағы тәрбиеші деп көп нәрсе үйренеді. Тіпті, алғаш сөйлеуі, өз бетімен қасықты ұстап тамақтануы, былдырлаған тілдерінде төрт жол тауып айтуы – мұның ...

Толығырақ »

Инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану

Бақыт деген ұғымның бір бөлігі ұжыммен бірлесе еңбек етуге ұштасып жатқаны  шындық. Ал сол ұжымда өмірлік азық болар пайдалы білім мен жаңына ізгілік нәрін сеуіп, жақсы мен жаманды үйретіп, ақылшы жанашыр бола білетін басшы болса нұр үстіне нұр. Демек, ақылды игілікті ісі бардан сұрар болсақ саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан іскер басшы бүгінде іргесі қаланғалы екі жылдан ғана ...

Толығырақ »

Қоянның үйшігі

Балабақша бүлдіршіндердің көздерін ашқалы көрген екінші үйі іспеттес. Сондықтан әр баланың балабақша қабырғасында жүргендегі тәрбиесі бізге тікелей байланысты. Балаға берілген дұрыс тәрбие бұл бақытты кәрілік, ал қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз, біздің көз жасымыз деп атап өткен Антон Макаренко.  Бақытты келешектің кірпішін қалау үшін балаларымыздың нені көріп, нені үйреніп жатқандығына баса назар аударуымыз керек. Ересек адамдардың іс-әрекеттері жүріс-тұрысы, істеген ісі ...

Толығырақ »

Ынтымағы жарасқан отбасы

Жүзінен нұр төгілген, мақтануды білмейтін , туралықты жаны қалайтын, ұстамдылығы мен қарапайымдылығы баурап алатын жанды балабақшаларда өткен семинарларда  үнемі кездестіріп жүрдім. Өзі ғана емес қасына үнемі әдіскерлерімен тәрбиешілерін қатар алып жүріп көрген білгенін ойына түйіп, ешкімнің көңілін жықпай ғана әдемі сөзімен жылы лебізін білдіретін басшының басқаратын ұжымын көрсем деген ниет пайда болды. Иә, сәтін салған күнде туып балабақша ішілік болсада ...

Толығырақ »

«Арайда» өткен алғашқы сайыс

Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақшаларға таныс «Жолда жүру ережесіне» тыңғылықты дайындық, балабақшалар арасындағы жеңіске талас дәстүрге айналған сайыстың маңыздылығында.  Міне, сол бәсекенің  ізін жалғап «Өрттен сақтану» жолдарын үйретуді мақсат еткен тағы бір сайыс сәуір айының 2 жұлдызында басталды. Балабақша балғындарының санасына тілсіз жау өрт апатынан қалай сақтану керектігі мен ережелерін түсіндіруге арналған сайысты алғаш рет Алматы ауданында орналасқан балабақшалар арасында өтуде. Алғашқы ...

Толығырақ »