«Біздің стиль Қазақстан үшін таңсық. Кейбірі оны түсінеді, кейбірі түсінбейді, біздің басты мақсатымыз – Q-pop (Qazaq-pop) деп аталатын субмәдениеттің негізін қалау», — деп ағынан жарылған Ninety one-дық мемберлер, аталмыш музыкалық бағыттың тұсауын 2015 жылдың 8-ші қазанында, «Айыптама» сингліне түсірілген бейнебаянмен кесті. «Біз барда, шоу бизнес тірі, біл. Абайла, жатса тілім тіліп», — деп отандық шоу бизнесте төңкеріс жасаған «тоқсан ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Абай — ол Мен
Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады Мағжан Жұмабаев Сондай таныс әрі бейтаныс Абай. Ол турасында қанша әспеттеп, көркемдесек те, келісті ой айта алмайтындай көрінеміз. “Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, содан тапқан шын асыл, тастай көрменің» парқына қанша жетпекке байласақ та, нәтижесіз бе, қалай?! Адалдың момын тартып, арамның билеп-төстеген заманында, шындықтың өміршеңдігі солғын тартады. Сен анығын жазам десең, оны ...
Толығырақ »Бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру тәсілдері
Искакова Рая Аманқосқызы Қызылорда қаласындағы № 212 мектеп-гиназияның бастауыш сынып мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Көркем жазу оқушының мектепке келген күнімен, жазуымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты – дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың ...
Толығырақ »Коронавирус жоқ!
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты «пандемия» деп жариялаған. Аспан асты елінің Хубэй провинциясында жаңа коронавирус инфекциясы өткен жылдың соңында пайда болды. Содан бері ол Антарктикадан басқа барлық құрлықтарға таралды. Әлем бойынша тоғыз млн-ға жуық адам COVID-19 инфекциясын жұқтырып алса, соның бес млн-ға жуығы бұл вирустан жазылып шықты (www.minfin.com.ua, 20.06.2020). Адамзат баласы түсініксізді түсіндіруге тырысады. Алайда COVID-19 туралы ...
Толығырақ »Сандық білім беру қорлары ДАЙЫНДАЛУДА
Кошербаева Жулдыз Сұлтановна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру Институты мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, Тараз қаласы ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» филиалдары қашықтан оқыту жағдайында жаңа оқу жылына дайындық мақсатында, 2020-2021 оқу жылының І тоқсанының оқу бағдарламаларына сәйкес 5028 сандық білім беру контентін әзірлеуде. ...
Толығырақ »Білім саласындағы жемқорлықпен күресу керек
Аружан қызым – 2 сыныптың үздік оқушысы. Бір күні үй жұмысының дұрыстығын тексеріп отырғанымда, оның тосын сұрақ қойып қалғаны бар. «Анашым, мен шипажайда оқығанымда, ағылшын тілінің мұғалімі Шұғылаға туған күні болғаны үшін «5» деген баға қойды. Бұл – адалдыққа жатпайды ғой, бұл – арамдыққа жатады. Бағаны адам өз еңбегімен алуы керек», — дейді. Мен баланың бойындағы адалдық, әділдік туралы пайымына ...
Толығырақ »ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
«Педагог мәртебесі туралы» Заңның аясында және Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер жергілікті жерлерде педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдап жатыр. Лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Атап өтсек, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының м.а. педагогтерден артық есеп беруді талап еткені үшін және Түркістан облысының орта мектеп ...
Толығырақ »БҒМ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ДЕМАЛЫС АҚЫСЫН УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАСТЫРДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысының уақытылы төленуін тексеріп, қысқа мерзім ішінде тиісті шаралар қолдануды тапсырды. 1-16 маусым аралығында Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері тиісті мониторинг жүргізді. Олардың мәліметтері бойынша, еңбек демалысына шыққан педагогтердің 93%-ы демалыс ақысын уақытылы алды. Қалған 7%-ына уақытылы төлемегені анықталды. Жұмыс берушілер мұғалімдерге еңбек ...
Толығырақ »А. АЙМАҒАМБЕТОВ ЕЛШІЛІК ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН ЖИЫН ӨТКІЗДІ
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басқа елдердегі Қазақстан елшіліктерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар қазақстандық жоғары білім саласын интернационализациялау бойынша халықаралық ынтымақтастыққа, шетелдік ғалымдарды тартуға, академиялық мобильділікті дамытуға, «Болашақ» бағдарламасын жаңғыртуға, алмасу бағдарламаларын дамытуға және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысты мәселелерді талқылады. Министрлік бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, жоғары ...
Толығырақ »ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ 21 МАУСЫМ КҮНІ БАСТАЛАДЫ
Биыл ҰБТ-ның алғашқы күні 21 маусымға, жексенбіге түсіп отыр. Бірінші күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады, бұл тестілеудегі ең аз ағындардың бірі. ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді. 21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. ҰБТ өткізілетін ...
Толығырақ »