Home » Жаңалықтар » Сандық білім беру қорлары ДАЙЫНДАЛУДА

Сандық білім беру қорлары ДАЙЫНДАЛУДА

Кошербаева Жулдыз Сұлтановна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Жамбыл облысы
бойынша педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру
Институты мектепке дейінгі тәрбиелеу және инклюзивті
білім беру кафедрасының аға оқытушысы,
Тараз қаласы

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» филиалдары қашықтан оқыту жағдайында жаңа оқу жылына дайындық мақсатында, 2020-2021 оқу жылының І тоқсанының оқу бағдарламаларына сәйкес 5028 сандық білім беру контентін әзірлеуде. Бұл жобаның негізгі мақсаты – орта білім беру пәндерінің барлығынан сандық білім беру контентін жасап, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Осы ретте айта кететін жайт, барлық филиалдар дайындаған сандық білім беру қорлары «Өрлеу» БАҰО» АҚ «You Tube» білім беру арнасына орналастырылып, https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g сілтемесі арқылы ғаламторда баршаға қолжетімді болады. Сонымен қатар осы қорларды Республиканың барлық мектеп мұғалімдері аталған каналдан алып, оқу жылының төрт тоқсаны бойынша оқу үдерісінде  қолдануына мүмкіндік береді.

Осындай ауқымды жұмысты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру Институты да бастап кетті. Сандық білім беру қорларын дайындау жұмысына Жамбыл облысының Байзақ,  Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас аудандары мектептерінің және Тараз қаласындағы №8 Төле би атындағы гимназия, №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназия,  №26 Абай атындағы орта мектебі,  №55 орта мектебінің тәжірибелі мұғалімдері шақыртылып, шығармашылық топ құрылды.

Филиал профессор-оқытушылары мен тәжірибелі мұғалімдер бірлесе отырып атқарып отырған жұмыс барысында мектептердегі білім сапасын арттыруда  ақпараттық технологиялардың маңызды рөл   атқаратындығы басты назар алынды. Сонымен қатар мектептердегі практик пән мұғалімдерінің тәжирибесі басшылыққа алынып, тиімді  сандық білім беру қорлары дайындалуда. Сондай-ақ әрбір пән бойынша әдістемелік нұсқаулыққа, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сүйене отырып, оқушылардың жан-жақты білім алуына мүмкіндік жасау жолдары да назарға алынды. Соның нәтижесінде жұмыс барысында сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыратын сандық білім беру қорлары дайындалуда. Шығармашылық топ өз жұмысын сәтті бастады, алда атқарылар жұмыстар ауқымы өте үлкен және қызықты.

Жамбыл – «Өрлеу» филиалы бірлесе жұмыс жасап, қолдау көрсетіп отырған ұстаздарға өз алғысын айтады және басталған ортақ жұмыстың үлкен жетістіктерге толы болатындығына сенімі зор. Шығармашылық топқа  сәттілік, нәтижелі жұмыс,  жемісті жетістіктер тілейміз!

Жамбыл – «Өрлеу» әрқашан сіздермен бірге.
#Біз_біргеміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.