Home » Жаңалықтар (page 77)

Жаңалықтар

Ұстаздық еткен жалықпас… 

           «Білім — құрал. Білімі  көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білімді  кәсіп құралы ете білу де  қажырлы еңбек пен төзімділікті қажет етеді.  Бүгінгі күнде білім саласында талай бәйгелер бар. Бірақ сол білімді  ұстаның  құралындай  қызған уақытында дөп басып, қажетті орнына тиімді қолдана білу, өмірлік тәжірибе арқылы келетін кәсіби біліктілігі ...

Толығырақ »

Еріктілерді қолдау орталығы ашылды

Еріктілерді қолдау орталығы ашылды Үлкен жүректі, ізгі ниетті волонтерлар қауымына бағыт-бағдар беруді, қолдау көрсетуді мақсат тұтқан «Қазақстан волонтерлары лигасы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстанда филиалы ашылып, жергілікті еріктілердің жұмысын үйлестіруге кірісті. Филиалдың Оралдағы орталығының ашылу салтанатына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, сәттілік тіледі. Шаһар басшысы аталған орталықтың белсенді, еліне жанашыр азаматтардың басын біріктірер ортаға айналарына сенім білдірді. – Ақ Жайықтың жастары ...

Толығырақ »

Қашықтан оқуға барлық жағдай жасалуда

Республикалық бюджет есебінен алынған компьютерлік құрылғылар оралдық оқушыларға таратылуда. Осы аптада қаладағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қашықтан оқитын оқушылары үшін 25 планшет берілді. Мектеп директоры Төлеген Темешов планшеттер көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына таратылғанын айтты. – Бұл жұмыстарды ұйымдастыруға қамқоршылық кеңес мүшелері мен «Ақжайық» – адалдық алаңы» кеңсесінің өкілдері атсалысты. Планшеттер оқушыларға сабаққа қолдануға дайын күйінде берілді, қашықтан ...

Толығырақ »

ЖАМБЫЛДЫҚ 91 ОҚУШЫ ҮЗДІК «МЫҢ БАЛА» ҚАТАРЫНДА

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз қызметі         «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысқан жамбылдық 335 оқушының 91-і жеңімпаз атанып, үздік 1000 баланың қатарынан көрінді. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған ауыл оқушыларына арналған білім бәйгесіне облыс бойынша 28 507 оқушы қатысқан. Жеңімпаздардың 33-і 5-сыныпты, ал 58-і 6-сыныпты тәмамдаған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес 6-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар оқуын «Білім-инновация» лицейлері мен ...

Толығырақ »

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы аталмыш мектепте болып, жас өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Төрткүл дүниені көгілдір күмбезімен өзіне тартатын киелі шаһар заманауи нысандармен толығуда. Төрт қақпалы Түркістанның төрінде жаңадан «Ақжайық» музыкалық мектебі бой көтерді. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы аталмыш мектепте болып, жас өнерпаздардың өнерін тамашалады. Батыс Қазақстан облысының тартуы болған музыка мектебінде 550 орынға арналған үлкен концерт залы, конференц залы, оркестр, хор сыныбының бөлмелері бар айтулы нысан. Заманауи үлгіде салынған мектепте 120 бала ...

Толығырақ »

Өрлеу — СҚО: TeachMeet — жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жауапкершілік

2020 жылдың 26 тамызында «Өрлеу» Солтүстік Қазақстан филиалында «Педагогтердің кәсіби дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жауапкершілік» TeachMeet өтті. Облыстық деңгейге қарамастан, қатысушылардың аудиториясы өте кең: СҚО ББ, СҚО білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, СҚО «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасы, Kozybayev University, аудандық / қалалық ББ, «Өрлеу» БАҰО 5 филиалы, шетелдік серіктестер -«Педагогикалық шеберлік академиясы: 21 ...

Толығырақ »

Түркістандықтар Оралдан олжалы оралды Оралда өткен республикалық «Жайдарман» фестиваліне қатысушылар қала әкімінің кубогын сарапқа салды.

Шаһар күні қарсаңында ұйымдастырылған доданы Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Оған Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстарынан және жергілікті жайдарманшылардан құралған 8 команда қатысып, бақтарын сынады. «Жайдарман» әзілкештері бұл ойынға жоғары деңгейде дайындалғандарын байқатып, қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзіл-қалжыңмен жеткізуге тырысты. Тартысты сайыс нәтижесінде үшінші орынға оралдық «Талант» құрамасы лайық деп танылса, екінші орынға Қостанай облысынан ...

Толығырақ »

Балалар Абайдың әндерін әуелетті

Оралда балалар аула клубтары мүшелерінің қатысуымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» атты танымдық шара өтті. Карантин талаптарына байланысты онлайн режимдегі шараны қалалық мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты «Гагарин» атындағы балалар кинотеатры және «Атамекен», «Балауса», «Гүлдәурен», «Шабыт» аула клубтары ұйымдастырды. «Атамекен» балалар аулу клубының меңгерушісі Мүнира Айталиева атап өткендей, қалалық кітапхананың «Абай» залында оздырылған кеш ұлы тұлғаны ...

Толығырақ »

 БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДАҒДАРЫСТЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ: ЖАҢА ТӘЖІРИБЕ МЕН ПРАКТИКА

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясымен бірлескен қашықтан білім беру жағдайындағы тиімді басқару шешімдеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция нәтижелі аяқталды. Өздерінің жаңа тәжірибелерімен және идеяларымен Польша, Сингапур, Ресей, Армения, Белоруссия, Украина, Қырғызстан және Қазақстан елдерінің менеджерлері, ғалымдары мен практиктері бөлісті. Тақырыптық сессияларда дағдарысты басқарудың маңызды аспектілері қарастырылды: форс-мажор кезеңіндегі корпоративті мәдениет және ...

Толығырақ »

Полиция қызметкерлеріне екі күн ішінде кеңес алу үшін 8,5 мың тұрғын жүгінді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын ұзартуды тапсырды. Акцияның алғашқы екі күні ішінде 8,5 мың адам кеңес алды. Тәжірибе көрсеткендей, жүгінген әрбір бесінші адам армян нөмірі бар автокөлік құралын тіркеу тәртібіне қызығушылық танытты. Оның ішінде 840-тан астам адам көлік құралдарын рәсімдеу бойынша кеңес алды. Қазір бұл ең өзекті мәселе болғандықтан, көптеген тілек білдірушілердің барлық сұрақтарына мүмкіндігінше жауап ...

Толығырақ »