Home » Жаңалықтар (page 74)

Жаңалықтар

АЙМАҚТЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Марапат Павлодар облысы – білім беру саласында республика бойынша көш бастап келе жатқан индустриалды аймақ. Сондықтан да болар, техникалық-кәсіптік білім беруді дамыту мәселесі жергілікті биліктің жеке назарында. 2019-2020 оқу жылын облыста жалпы контингенті 113 422 оқушы аяқтап, 357 мектепте 12 325  педагог жұмыс істесе, жаңа 2020-2021оқу жылында бұл көрсеткіш әлдеқайда арта түскен.  Өңірде қоғамда өз орнын толық айқындай алатын жігерлі, білімді, дарынды ...

Толығырақ »

Қазақстанда кімдер $5000-ға дейін жалақы алады?

          ҚР БҒМ «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пеннің пікірінше, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде екі негізгі проблема бар. Соның бірі — оқытушылар мен профессорлардың жалақысының төмендігі. Оның айтуынша, университеттер ғылыми салаға талантты кадрларды тартуы тиіс. Бұл ретте олардың жалақысы да тиісінше жоғары болуы шарт.          «Мысалы, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде халықаралық градация жүйесі бойынша жұмыс істейтін профессорлардың ...

Толығырақ »

БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІК

Заманауи білім беріп, жас ұрпақтың кәсіби құзіреттілігін арттыру бүгінгі күннің басты құндылығы. Қоғам қарыштап дамыған сайын білім беру жүйесіндегі қойылатын талапта күшейтіле түспек. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысы «Ұлылар мұрасы және заманауи білім» тақырыбында өткізілетін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің І халықаралық форумына қызыу дайындалып жатыр. Форум болғанға дейін секциялар жұмыс жасап, оқыту мен тәрбиелеудегі басты мәселелерді күн сайын талқылап ...

Толығырақ »

«Ыстық ықылас, мейірімді жүрекпен»

Оралдағы «Достық» аула клубында қариялар күніне орай ұйымдастырылған кездесу кеші осылай аталды. Басты мақсат – көпті көрген данагөй қарттардың өнегелі өмірін үлгі ету, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеу. Шараның құрметті қонағы болған ақ жаулықты аналар өздерінің өмір жолдарымен, жемісті еңбек жолдарымен бөлісті. Оларға мерекелік көңіл күй сыйлауға тырысқан ...

Толығырақ »

Ұстаздар арасындағы зияткерлік ойын

Ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойы аясында Ұстаздар күніне орай Оралда «ХХІ ғасыр ұстазы» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Жарысқа оралдық мектептердің 29 жасқа дейінгі мұғалімдері қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қатысушылар өз біліктіліктерімен, шапшаңдықтарымен сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, ойынның қызықты өтуіне атсалысты. Зияткерлік ойын «Бәйге», «Жорға», «Дода» сынды үш кезеңнен құралды. Осы кезеңдерде топ жарған №12  ЖОББ мектебінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі ...

Толығырақ »

ЖАМБЫЛДЫҚ 4 ҰСТАЗ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАНДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз қызметі  2 қазан күні «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық «Үздік педагог-2020» байқауы жеңімпаздарының марапаттау рәсімін барлық өңірлерде бір мезгілде бейнеконференция байланысы арқылы өткізіді.     Мерекелік жиын барысында үздік атанған елеміздің  ұстаздарына  2 млн 778 мың теңгеден қаржылай сыйақы табыс етілді. «Үздік педагог – 2020» республикалық конкурсында аталмыш атаққа облыстың ...

Толығырақ »

Әлижаннан жерлестері үлкен үміт күтеді

Елімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауында биыл Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын балғын өнерпаз Әлижан Тұрғалидан жерлестері үлкен үміт күтеді. Тоғыз жасар Әлижан – №21 ЖОББ мектептің өнерпаз өрені. Байқауға қатысқан үміткерлер арасында ерекше үнімен, өзіндік болмысымен дараланған кейіпкеріміз жерлестерінің, мектебінің және өзін өнерге баулыған ұстазы Райхан Қаташқызының сенімін ақтауға тырысып жүр. Шығармашылыққа жаны жақын Әлижан ...

Толығырақ »

«Орал қаласының Құрметті педагогі» марапаты тапсырылды

Кәсіби мерекелеріне орай ұстаздар қауымын құттықтаған Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаланың білім беру жүйесін дамытуға сүбелі үлес қосқан мереке иелеріне осындай құрмет көрсетті.   Жастар мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған қала әкімі Абат Абайұлы білім саласының қызметкерлерін, ардагер-ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. – Қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Алты алаштың ...

Толығырақ »

Менің қуанышым

Қуанайын деп қуанған жоқпын. Қуаныштар қуантты.  «ЖЖА — жақсының жақсылығын айт» — бұл «Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайты ұжымының екі-үш жыл бұрын басталған жобасы.  Қазақ қоғамында ұстаздық еткен ұлы есім иесінің тек жақсы қасиетін, іскерлігін, өнері мен білімін насихаттауға арналған шағын бастама. Осы жолда ел, жер, аймақ аралап, ізгі кісілермен тіл табысып, әңгіме-дүкен құрып, мәжіліс жасадық.  Үздіктердің үздігін БЖҒ ...

Толығырақ »

Оралдық зияткерлер мереке иелерімен жүздесті

Мұғалімдер күні қарсаңында Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Ару Ақжайықтың ұлағатты ұстаздары» жобасы бастау алды. Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік жобаның басты кейіпкерлері – білім саласының үздіктері, облыс аудандары мен қала мектептерінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, біліктілікті арттыру институты мен балабақшалардың белді ұстаздары. Зерттеу жобасы аясында оралдық зияткерлер кейіпкерлердің өнегелі өмірінен хабардар болып, ұстаздық ұстанымдарын зерделеп, нағыз мұғалімнің бейнесін ...

Толығырақ »