Home » Жаңалықтар » Менің қуанышым

Менің қуанышым

Қуанайын деп қуанған жоқпын. Қуаныштар қуантты.  «ЖЖА — жақсының жақсылығын айт» — бұл «Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайты ұжымының екі-үш жыл бұрын басталған жобасы.  Қазақ қоғамында ұстаздық еткен ұлы есім иесінің тек жақсы қасиетін, іскерлігін, өнері мен білімін насихаттауға арналған шағын бастама. Осы жолда ел, жер, аймақ аралап, ізгі кісілермен тіл табысып, әңгіме-дүкен құрып, мәжіліс жасадық.  Үздіктердің үздігін БЖҒ министрінің марапатына да ұсындық.  Ол кісі бетімізді қайтармады. Азды-көпті ісіміз бен әрекетімізді бағалаған болу керек. Өтінішімді орындап,Қазақстанның түкпір-түкпірінен ЖЖА — жобасының үздігі деп ұсынған 65 ұстазға «Алғыс» білдірді. Марапатталған кісілердің қуанышына себепкер және ортақтас болған «BILIM AINASY» газеті мен BILIMAINASY.KZ сайтының ұжымына рақметімді айтамын. Ұстаздың үні,тілегі,тілі болып,еліміздің болашағына қызмет жасай беріңіздер!

Республикалық «BILIM AINASY» газеті мен bilimainasy.kz сайтының негізін қалаушы Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.