Home » Жаңалықтар (page 67)

Жаңалықтар

Батысқазақстандық білімді оқушылар топ жарды

Батыс Қазақстан облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының бірінші кезеңінде ұсынылған жұмыстар іріктеуден өткізілсе, екінші кезеңде оқушылар өз жобаларын қорғаған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған облыстық кезеңінің екінші кезеңі – бейіндеу пәндері ...

Толығырақ »

«Жас маман» жобасы жүзеге асуда

Орал политехникалық колледжінде әлеуметтік серіктестерге «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жаңа жабдықтарды таныстыру шарасы өтті. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш іс-шараны ұйымдастыруда «Жас маман» жобасы аясында әлеуметтік әріптестерді колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру, білім беру бағдарламасын жетілдіруге жәрдемдесу және оқу процесіне жаңа жабдықты енгізу мәселелерін анықтау мақсаты көзделді. Жобаны бірлесіп қаржыландыруға жергілікті бюджет есебінен ...

Толығырақ »

МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ПЛАНШЕТ ҰТЫП АЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі         Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы Қаратау мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жібек Құрманғазықызы «Дарын онлайн» платформасында белсенділік танытып, соңғы үлгідегі смартфон ұтып алды.   «Дарын онлайн» платформасы оқушылардың оқуға ынтасын арттыру мақсатында платформада тест тапсырып, жоғары ұпай жинаған белсенді оқушыларға бағалы сыйлықтар табыстауда.      Сондай-ақ, оқушылар «Дарын онлайнда» ораторлық өнер, домбыра, Java, Python ...

Толығырақ »

  Инклюзивті білім беру бағдарламаларын жетілдіру, бұл – өмір қажеттілігі

   Қоғамда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуына және әлеуметтік қолдау көрсетуіне еліміз қашанда арнайы қолдауды назарға алған. Өскелең ұрпақты оқыту әдістісінде инклюзивті білім  беру бағдарламаларын жетілдіру бұл – өмір қажеттілігі. Ондай оқушыларға адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір кемсітушілігін жоққа шығару, айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасының шынайы болуы, арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы ...

Толығырақ »

Қазақстандық қоғамдағы әйелдердің ғылымға қосқан үлесі айтарлықтай

     Қазақ мәдениетінде қазақ әйелдері өздерін қоғам мүшесі ретінде өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі болды. Қазақ елінің    тарихында  Домалақ, Қызай, Данай сынды абыз аналарымыз рулы елдің ынтымағына, ілім-өнегесіне қызмет етті. Еліміздің тарихи ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жүрген нәзікжандылардың рөлі ерекше. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен 11-ақпан күні Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні болып жарияланған. Осынау атаулы күн қарсаңында Академиядағы ғылым саласына ...

Толығырақ »

БҚО-дағы алғашқы қазақ сыныптары

Биыл – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Тәуелсіздікке қол жеткізу – білім беру жүйесі мен педагог қауымдастықтары алдынан жаңа мүмкіндіктер мен көкжиектер ашты.   Батыс Қазақстан облысына қарасты Тасқала ауданындағы «Каменская» орыс-қазақ орта мектебі жанынан егемендік алған 1991-1992 оқу жылдарында қазақ сыныптары көптеп ашылды. Сол жылдары аталмыш білім ордасына келген жас мамандар Асылбек Ахметов,  Ақсүйрік Халиуллина, Гүлмира Баисова, Алтынғаным Темиралиева алпыстан ...

Толығырақ »

Лицензия қосымшалары қайтарылды

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыс колледждерінің білім беру қызметіне жүргізілген мониторинг бойынша 12 колледж 25 мамандықтың 31 біліктілігі бойынша лицензияларға қосымшаларды қайтаруға дайын екендігін анықтады. Жыл басынан бері 4 колледж 8 мамандықтың 8 біліктілігі бойынша лицензияның қосымшаларын қайтарды. Лицензияны қайтарудың негізгі себептері мамандықтардың білім беру қызметіне, оқу қойылатын біліктілік талаптарына және бейініне сәйкес келмеуі болып табылады. ...

Толығырақ »

Жеке ұйымдардың педагогтеріне арналды

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 4 ақпан күні «Мектеп  жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде басқарудың тиімділігі» тақырыбында жеке мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтеріне арналған семинар өтті. Семинар жұмысы барысында Орал қаласының №34 «Балбұлақ», №50 «Заңғар» бөбекжайларының іс-тәжірибелері ұсынылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруда, құрылымдау дағдыларын дамытуда STEAM технологиясын қолдану әдіс-тәсілдері, ...

Толығырақ »

Мұғалімдер аттестаттауға бума-бума құжаттар жинамайды

2021 жылдың соңына дейін білім беру саласындағы 9 мемлекеттік қызмет автоматтандырылады. Осылайша,  аттестаттауға құжаттарды тапсыру кезінде бюрократияға тап болатын мұғалімдердің жұмысы жеңілдемек. Бұл жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлім етті. Оның  пікірінше, қазіргі уақытта ұстаздардың бума-бума құжаттарды жинауға кететін уақытын зая жібермей, керісінше, біліктіліктерін арттырып, аттестаттауға дайындалуға мүмкіндік беру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. ...

Толығырақ »

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізеді

5 ақпан күні сағат 16.00-де Елордадағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  президенті Ғани Бейсембаев БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізеді. Іс-шара барысында Ғани Бектайұлы отандық білім беру саласындағы тың жаңалықтар, көпшілікті толғандырып жүрген өзекті мәселелер және Академияның қолға алған жаңа бастамалары туралы кеңінен баяндайды. Білім ордасының басшысы БАҚ өкілдерімен еркін форматта пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап береді. Бұл маңызды шараға республиканың ірі Бұқаралық ...

Толығырақ »