Home » Жаңалықтар » Көк пияздың қандай пайдасы бар?

Көк пияздың қандай пайдасы бар?

  1. Бүгін біз кәдімгі көк пияздың адам ағзасына пайдасы жайлы айтамыз. Ғалымдардың зерттеуінше, көк пияздың талшықтарында оның өзіне қарағанда дәрумен көп болады екен.  Көктемде ағзадағы витамин жетіспей жатқан кезде оны көптеп тұтынған абзал.  Оның 100 грамм талшығында  ересек адамға қажетті Аскорбин қышқылының бір күндік нормасы бар. Сондай-ақ, құрамына В дәрумені мен каротин де кіреді.

Көк пияздың пайдалы қасиеттерінің бірі — ол вирустық инфекциялардан қорғай алады. Өйткені, оның құрамында фитонциттер бар. Көк пияз қосылған салат ОРЗ-дан, яғни Өткір респираторлық аурудан және тұмаудан сақтайды. Сонымен қатар, көк пиязда хлорофилл болады. Ол қанның түзілуіне пайдалы. Бұдан бөлек, оның  жас талшықтары адамның тәбетін ашып, кез келген астың дәмін кіргізеді. Көк пияздың тағы бір қасиеті — астың тез сіңуі мен қорытылуына әсер етеді.

Ішек-қарын жүйесінің кейбір ауруларына ғана оны қолдануға тыйым салынады.

Көк пияз ас дайындауда кеңінен қолданылады. Одан жасалатын салат пайдалы, ол ағзаны қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді. Көк пияз бен жұмыртқа қосылған бәліштер жұрт сүйсініп жейтін  танымал тағамдардың бірі.
Көк пиязды тек жерде ғана  емес, сондай-ақ пәтерлердің терезелерінің алдында құтыларда да өсіреді. Оны қазіргі таңда кез келген жерде: дүкендер мен базарлардан, сауда орындарынан сатып алуға болады. Көк пияз ұзақ сақталмайды. Көп тұрып қалса өзінің пайдалы қасиетін жоғалтады.

 

Материалды дайындаған:  Жанерке Хайролқызы.

«Теміртау қаласындағы 
№9 мектеп-лицейінің
3-ші «В»  сыныбының оқушысы

Жетекшісі: Джалмурзава Г.Х.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.