Home » Жаңалықтар (page 44)

Жаңалықтар

2022 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ӨСЕДІ

Жоғары білім саласындағы жақсы жаңалықтар. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі. Бакалаврларда 20%-ға, магистранттар мен докторанттарда 15%-ға артады. Өткен жылы стипендия дәл осындай мөлшерде өскенін естеріңізге саламыз (15% және 20%). Мемлекет жастарды жоғары білім алуға осылайша ынталандыруда. Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНІҢ МҮШЕСІ ӘНУАР ЖАНҒОЗИН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Әнуар Жанғозин «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Ол 1986 жылы дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Математика» мамандығы бойынша және «Назарбаев университетінің» магистратурасында «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша білім алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. 2008-2011 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2016 жылға дейін ...

Толығырақ »

ЕЛОРДАДА ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Елордада «Нұр-сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ тапсырысы бойынша 2020-2022 жылдар аралығында «Отбасы — бақыт мекені»атты Неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.Кешен барысында жыл сайын келесі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қарастырылған: Жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды түсіндіру бойынша семинарлар; Ата-ана болуды жоспарлап отырған жас отбасыларға арналған Онлайн-тренингтер; «Үздік жас отбасы» байқауы»; Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасым ...

Толығырақ »

2022 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ САНЫ 5 МЫҢҒА АРТАДЫ

2022 жылы қазақстандық ЖОО-ларда оқуға арналған білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады. Осылайша, гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мыңға, яғни 51 мыңнан 56 мың грантқа дейін көбейтілген. Жаңа гранттар студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға бөлінетін болады. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары ...

Толығырақ »

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҒАЛЫМДАР КҮРІШ ҚАУЫЗЫНАН КРЕМНИЙ ДИОКСИДІН АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАДЫ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары күріш қауызынан биочар, кремний диоксидін алу технологиясын жасады. Бұрын егін жиналып, дәнді өңдегеннен кейін мыңдаған тонна күріш қауызы пайдаланылмай, өртелетін. Ғалымдардың арқасында күріш қауызы мен сабанынан қағаз, белсендірілген көмір және биочар әзірленуде. Биочар әлемде топырақ қасиетін жақсартып, оның тұздылығын айтарлықтай төмендететін биотыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. «Кремний диоксиді шыны, керамика, абразив, бетонды жабдықтар, тіс пастасы, ...

Толығырақ »

ШҚО-НЫҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН БЛОГЫН ЖҮРГІЗЕДІ

Педагог-математик Леунова Евгения Валерьевна заманауи технологиялардың көмегімен балалармен ортақ тіл тауып, олардың білімге деген құштарлығын оята білетін білікті ұстаздардың бірі. Ол Instagram-да тәлімгерлік блогын және YouTube-те оқушылар мен мұғалімдерге арналған білім беру арнасын жүргізеді. 2021 жылы оның оқушылары республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанды. Евгения Валерьевна ШҚО математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінде математика пәнінен сабақ береді. Ол ...

Толығырақ »

2022 ЖЫЛЫ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ТАЛАПКЕРГЕ ҰБТ ТАПСЫРУ ҮШІН ҚОСЫМША УАҚЫТ БЕРІЛЕДІ

2022 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ тапсыру үшін қосымша уақыт  беріледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша Ұлттық тестілеу орталығы ерекше қажеттіліктері бар талапкерлер ҰБТ-ны қолайлы жағдайларда өтуі үшін бірқатар шаралар қабылдайтын болады. Осылайша, келесі жылы көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған оқуға түсушілер негізгі 240 минуттан басқа тестілеу тапсырмаларын орындау үшін қосымша 40 минут ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР СОҢҒЫ 2 ЖЫЛДА ҚР БҒМ ҚОЛДАУЫМЕН ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 320 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ТАБЫС ТАПТЫ

Соңғы екі жылда қазақстандық ғалымдардың 100-ге жуық ғылыми жобасы Ғылым қорының қолдауымен коммерцияландырылды. 70-тен астам ғалым бизнестегі үлестері мен роялтиден (лицензиялық сыйақы түрі) кіріс алады. Бүгінгі таңда ғалымдар өздерінің ғылыми әзірлемелерін пайдаланғаны үшін 320 миллион теңгеден астам пайда тапты. «ҚР БҒМ Ғылым Қоры жүзеге асыратын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағдарламасының нәтижесінде ғылыми ұйымдар мен ғалымдар өздерінің ғылыми жобаларын ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ

Қазақстан мен Өзбекстан білім беру саласындағы ынтымақтастық шеңберінде жаңа келісімге қол қояды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Өзбекстан Республикасының Халыққа білім беру министрі Бахтиер Саидовтың Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесуі барысында мәлім болды. Өзбекстаннан келген делегацияның басты мақсаты – қазақстандық білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңашылдықтармен танысу. Өзбек тарапы бұған дейін екі ел арасындағы өзара іс-қимыл туралы ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚИТЫН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ САНЫ 30 МЫҢҒА ЖЕТТІ: АЛЫС ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТА ТҮСТІ

   Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті. Азаматтары Қазақстанға білім алу мақсатында келетін мемлекеттердің географиясы айтарлықтай кеңейді: АҚШ, Африка, Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер санының өсімі байқалады. Жалпы, білім алушылардың басым бөлігі (64%) ТМД елдерінен келген. «Қазақстандық университеттер түрлі халықаралық білім беру көрмелеріне белсенді қатысуда. Мәселен, осы жылдың қараша айында Бішкек (Қырғызстан) және ...

Толығырақ »