Home » Жаңалықтар (page 286)

Жаңалықтар

Менің болашаққа бағдарым

Ұлтын сүйіп, оның бай мәдениетін ардақтай білетін жаңа буын қалыптастыру мақсатында «Менің болашаққа бағдарым» атты шара Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатында 9 сынып оқушыларымен өтті. Еңбек жолдарында аянбай тер төгіп, бүгінгі күнде белгілі бір табысқа жетіп, жеке кәсіптерін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер М.С. Боранбаева, Г.Е. Алпысбаева, Г.О. Кокумбаева және «Мектепке тағзым» науқанына қатысқан  осы мектеп түлегі, жас ақын, аудандық «Баянтау» газетінің ...

Толығырақ »

Мектебіме тағзым

Жуырда Май ауданының Саты жалпы орта білім беретін мектебінде Елбасы Н. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында аудан әкімі А.Қаңтарбаевтың қатысуымен “Мектебіме тағзым” акциясы аясында мектеп түлектерімен және ауданның табысты адамдарымен кездесу өтті. Бұл шараға Саты мектебінің мақтануға тұрарлық  түлектері:  Шарбақты ауданының әкімі Ж.Ибраев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Ж. Сыздыкбаев, КВ «Феникс» ...

Толығырақ »

«Ауылым – алтын тұғырым!» атты көрме байқауы жалғасуда

         2016 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың    «Қазақстан-2050» стратегиясында нақты атап көрсетілген патриотизмді қалыптастыру мақсатында білім саласы мен Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайдың арасында «Ауылым – алтын тұғырым!» атты инновациялық жоба қолға алынған, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында нақты атап көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. ...

Толығырақ »

Қаламгер рухына арналған құрмет

«Рухани жаңғыру», «Туған жер» жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейту жобалары аясында Ертіс ауданының Қарақұдық ауылында ақын, жазушы, драматург Аманжол Шамкеновтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Аманжол Шамкенов оқулары» өтті. Байқаудың мақсаты: танымал қаламгердің шығармашылығын жас ұрпақтар арасында насихаттау, жас жеткіншектердің туған елге, Жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды. Іс-шараға: «Өрлеу» институты жəне «Ертіс дарыны» орталығының мамандары қатысты. Жеңімпаз жүлдегерлер Дипломдармен марапатталды. Айгүл Молдаш ...

Толығырақ »

Білімді жетер мұратқа

Павлодар қаласының Абай атындағы 10 лицей-мектебінде география пəнінен VII облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Зияткерлік іс-шараға облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру əдістемелік орталығы мұрындық болды. Олимпиадаға 7-8 сыныптардан 86 оқушы қатысты. Барлық қатысушылар қосымша білім беру мектебінің тізіміне енді. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дəрежелі Дипломдармен марапатталып, Новосібір мемуниверситеті мамандандырылған оқу-ғылыми орталығының Күзгі мектебіне жəне Қаныш Сатпаев ...

Толығырақ »

Кәсіби білімді бағдарлау шаралары

Жақында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен кəсіби бағдарлау жұмысы шеңберінде ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге үгіт-насихат мəселелерін қарау жəне ғылыми-тəжірибелік конференциясы өтті. Оған: Павлодар қаласы аумағындағы азаматтық қорғаныс органдарының офицерлері, əскери бөлімдердің əскери қызметкерлері, қала мектептерінің АƏД пəні мұғалімдері жəне директорлардың тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Іс-шара «Оқу орындарында кəсіби бағдарлау жұмыстарының» ұйымдастырылу тəртібіне негізделді. Айгүл Молдаш ...

Толығырақ »

Жаңартылған білім беруді іске асыру проблемалары талқыланды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың педагогикалық жағдайларын анықтау және тәжірибеге негіздеуді әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс пен тәжірибе, іске асыру проблемалары» тақырыбында облыстық әдістемелік көшпелі семинар Атырау облысының Исатай және Құрманғазы аудандарында өтті. Семинар жұмысы аясында «Жаңартылған бағдарлама ...

Толығырақ »

Құлын дауысты жыр әлем

        Өткен аптада Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында ҚР Журналистер одағының мүшесі, ұстаз, ақын Ақмаржан Таубаеваның шығармашылығына арналған «Құлын дауысты жыр әлем» атты еске алу кеші өтті. Республикаға танымал ақын, Журналистер Одағының мүшесі, білікті ұстаз, облыстық «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы ұзақ жылдар институтымызда қызмет атқарған Ақмаржан Бақытқызы Таубаеваны еске алу шарасына халық көп жиналды. Ақын өлсе ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектепке қариялар қонаққа келді

Қазанның 13-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Маңғыстау облыстық қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындары қонаққа келді. Оларға мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымы және «Мейірім өскіні» қайырымдылық ұйымының еріктілері құрмет көрсетті. Кездесу барысында ата-аналар дастархан жайып, өнерпаз шәкірттер концерт қойды. Оқушылар қариялар құрметіне әдемі әндер мен билер орындап, олармен дастархан басында әңгіме-дүкен құрды. Кейін қариялар мектеп акт залында жағалай орналасқан ...

Толығырақ »

Есіл ауданының азаматтары «Туған жер» бағдарламасын қолдайды

Ақмолалық БАҚ өкілдері Елбасының «Туған жер» бағдарламасының жүзеге асуы аясында Есіл ауданына баспасөз турына барды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ағымдағы жылдың сәуір айында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасы ұсынылған болатын. Аталған бағдарламаны қолдаушылардың бірқатары Есіл ауданының азаматтары болды. Атап айтқанда, «Чингиз Хан» ЖШС-ның басшысы Қазымбек Акмагамбетов туған өлкесі ...

Толығырақ »