Home » Жаңалықтар (page 262)

Жаңалықтар

Туған елім – Қазақстан

Павлодар қаласының №18 жалпы орта білім беру мектебі жанынан ашылған шағын орталықта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Туған елім — Қазақстан» атты ертеңгілік өтті. Мереке топ тәрбиешілері: Ж.Ш. Каниева, А.М. Газизова, Л.В. Логозовская, Б.П. Магзамова ұйымдастырды. Мерекелік шараға аталмыш орталықтағы тәрбиеленушілер түгел қатысты. Іс-шара үш кезеңді қамтыды. Алғашқысында олар ұлттық киім киіп, қос тілде өлең оқыды, ән шырқады, би биледі. ...

Толығырақ »

Ұлттық дәстүрмен аталған «Енші» бағдарламасы

Жуырда «ЕНШІ» зияткерлік-танымдық телевизиялық жобасының БАҚ өкілдеріне арналған таныстырылымы өтті. Атауының өзінен-ақ, бұл бағдарлама Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп-насихаттауға өзіндік серпін береді. Бұл – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік орталығының» тапсырысы бойынша дайындалған жоба. Негізгі авторы – «MEDIA PROMOTION-Z» компаниясы. Бұл компанияны ...

Толығырақ »

Қос шәкіртіміз жүлдеге ілікті

Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері тағы бір белесті бағындырды. Дәлірек айтқанда, 12 сынып оқушысы Теміржан Юсупов пен 11 сынып оқушысы Алдан Дүйсенғалиев IX Еуразия олимпиадасында информатика пәні бойынша II дәрежелі диплом иегері атанды. Үстіміздегі жылдың 9-10 желтоқсан күндері Алматы қаласында өткен білім бәйгесін «Дарын» республикалық ғылыми –практикалық орталығы мен Санкт-Петербург Ақпараттық технология, механика және оптика ...

Толығырақ »

Табысты менеджер – 2017!

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі — білімді ұрпақ. Білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық білім беру саласына өте жоғары талап қойып отыр. Біздегі білім беру жүйесі Қазақстан мектебінің түлектері өз білімдерін әлемдік оқу орындарында әрі қарай кедергісіз жалғастырып әкететіндей дәрежеде бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуға тиіс. Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде біз болашаққа нық сеніммен ...

Толығырақ »

Мәңгілік ел сарбаздары

          14 желтоқсанда Астана қаласының № 77 мектеп-гимназиясының тарихында тұңғыш рет кадет сыныбы ашылды. “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында, Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына, Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік ел сарбаздары» атты тақырыпта патриоттық маңызы зор салтанатты жиын өтті. Іс-шарада өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуде дәстүрімізде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі ...

Толығырақ »

Егемендік — ел бақыты, ертеңі

Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік – ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік». Дәл осындай атаумен бүгін «Batyr Mall» сауда ойын-сауық орталығында Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен Ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті. Шараның ашылу салтанатында жиналғандар қолдарын жүрек тұсына қойып, мемлекеттік ...

Толығырақ »

Облыстық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары

Баянауыл ауданы бойынша «Ертіс дарыны» ғылыми-тәжірибешілік орталығына 17 ғылыми жоба ұсынылған болатын, сол жобалардың ішінен облыстық кезеңге 5 жұмыс іріктеліп алынды. Олар: №2 Майқайың ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Нияз Капаров, №2 Майқайың ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Марал Төлеубай, З.Ақышев атындағы ЖОММ-нің 10-сынып оқушысы Айдана Мүбәрак, Ақши ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Мөлдір Халел, Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Арнагүл Сабыр. Осы оқушыларымыз 2017 жылғы ...

Толығырақ »

Латын әліпбиімен диктант жазылды

Осы жұмада Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен Елбасы Н. Назарбаев сәуір айында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Қазақ елі 2025 жылға дейін Латын әрпіне көшіріледі деген тапсырмасын басшылыққа ала отырып Аграрлық-техникалық колледжінде Латын әліпбиі бойынша диктант жазу шарасы өткізілді. Колледжден 30-ға жуық студент Н. Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» атты кітабындағы даналық сөздерді Латын әліпбиін пайдалана отырып диктант жазды. ...

Толығырақ »

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұстаздарға құрмет көрсетілді

     Мемлекетіміздің мерейлі мерекесі Тәуелсіздік күні және Елордамыздың 20-жылдық мерейтойы аясында Астана қаласының Білім басқармасы дәстүр бойынша концерт ұйымдастырып, белсенділігімен танылған ұстаздарды марапаттады. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозин жиналған қауымды елімізде өтіп жатқан мерекелермен құттықтап, білім беру жүйесін таңдап, ереңбей еңбек етіп отырған педагогтарға алғысын білдірді. Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім саласының үздігі, мәдениет қайраткері, “Құрмет” белгісі ...

Толығырақ »

Назарбаев Зияткерлік мектебінде ашық есік күні

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ашық есік күні өтті. Аталмыш шараға Павлодар өңірінің жалпы білім беру мектептерінің 6-сынып оқушыларынан 300-ден астам бала мен ата-аналар қатысты. Олардың арасында мектебімізге алғаш рет келгендер де болды. Білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылып, аталмыш мектеп оқушыларының ғылыми және шығармашылық жұмыстарының көрмесіне қатысты. Сонымен ...

Толығырақ »