Home » Жаңалықтар » Облыстық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары

Облыстық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары

Баянауыл ауданы бойынша «Ертіс дарыны» ғылыми-тәжірибешілік орталығына 17 ғылыми жоба ұсынылған болатын, сол жобалардың ішінен облыстық кезеңге 5 жұмыс іріктеліп алынды. Олар: №2 Майқайың ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Нияз Капаров, №2 Майқайың ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Марал Төлеубай, З.Ақышев атындағы ЖОММ-нің 10-сынып оқушысы Айдана Мүбәрак, Ақши ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Мөлдір Халел, Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Арнагүл Сабыр.
Осы оқушыларымыз 2017 жылғы 24 қараша күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жобалар байқауына қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша физика пәндерінің секциясынан №2 Майқайың ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Нияз Капаров I орын, тарих пәндерінің секциясынан Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Арнагүл Сабыр III орын, «Тіл білімі» секциясынан Ақши ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Мөлдір Халел III орын иеленді. Жеңімпаздарға шығармашылық табыс тілейміз.

Р. Мукушев,

Павлодар облысы,

Баяауыл ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.