Home » Жаңалықтар (page 25)

Жаңалықтар

Өңір педагогтері бас қосқан жиында не айтылды?

Бүгін, 5 наурыз күні Алматы қаласы Түркісіб ауданындағы №187 бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: Өзекті мәселелер мен тиімді нәтижелер» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Оған балаларды ерте дамыту институты директорының орынбасары Мария Ерманова қатысып, балабақшадағы мәселелерді сөз етті. Мария Ерманова педагогтар тарапынан жіберіліп жатқан қателіктерді айтып, білім сапасын одан әрі жақсарту қажеттігін жеткізді. -Өздеріңіз білесіздер, қазір мектепке дейінгі тәрбие ...

Толығырақ »

Өңірлік семинар 

Наурыздың 5-інде Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алатау ауданындағы № 76 бөбекжай-балабақшасында өңірлік семинар өтті. Семинардың басты мақсаты — мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруда құзыреттілік орталықтардың озық іс-тәжірибелерін тарату болды. Семинар шымылдығын Оқу-ағарту министірлігі балаларды ерте дамыту институтының маманы Гүлнар Мукушева ашты.  Шараға өңірлік білім басқармасының жауапты мамандары, облыстық, қалалық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері ...

Толығырақ »

Ата-аналар ертеңгілікке қатысты

Жуырда Алматы қаласы Медеу ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес №126 бөбекжай-балабақшасында “Мақал сөздің азығы, Жұмбақ ойдың қазығы” атты ата-аналардың қатысуымен ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі болған — әжелер балаларға мақал-мәтелдердің мән-мағынасы мен құндылығын түсіндірді. Шара барысында балалар мақал-мәтелдерді жатқа айтып, жұмбақтар шешті. “Тақия тастамақ” ұлттық ойын ойнатылып, өлеңдер оқылды. Мың бұралған бишілер тобы “Домбыра», “Қамшы” билерін биледі. Ертеңгіліктің ...

Толығырақ »

Балалар алғыс айтты

1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай Алматы қаласы Наурызбай ауданы “Балапандар” бөбекжай-балабақшасында іс-шара өтті. Іс-шара барасында тәрбиеленушілер шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектерін өлеңдермен жеткізді. Әуелетіп ән айтып, биді де биледі. Сондай-ақ аналарына алғыс айтып, гүлдер тарту етті. —Балабақшаға бала тек таңда келіп, кешке қайтпау қажет. Балабақша -баланың болашағы. Сондықтан тек мереке кезінде емес, әр күн сайын ата-анасын ...

Толығырақ »

Ұлағатты ғұмыр жалғасы

Қоңыр жел самал ескен қырат қырдан, Даласы сырға тұңған, жырға толған, Құтты мекен туған жерім, Қараобам-ай Жандары жаралғандай шырақ нұрдан,- деп жырлаған БҚО-ның Казталовка ауданы, Қараоба ауылында дүниеге келген педагог-шебер Қаратаев Нұржан Құспанұлының есімін ұлықтау, өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Ұлағатты ғұмыр жалғасы» тақырыбында еске алу кеші Астана қаласының №60 мектеп-лицейінде атап өтілді. Аталған іс-шараға ...

Толығырақ »

Экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай «Экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырған ғылыми — зерттеу жобасы ИРН AP14872548 «Қазіргі экологиялық құқықтық тәртіп: қазақстандық кейс» атты жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. Бұл конференция экологиялық заңнаманы құқық қолдану мәселесін талқылауға және халықаралық тәжірибені ескере отырып, ...

Толығырақ »

«Жас маман» жәрмеңкесі

Таяуда Алматы қаласы Медеу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №64 мектеп-лицейінде «Алматы мектебі» жобасы аясында колледж оқытушылары «Жас маман» атты жәрменке өткізді. Оған  Медеу ауданының 28 мектебінен 1000-ға жуық (9-сынып — ред.) оқушылар қатысты. Жәрменкеде №64 мектеп-лицейінің директоры Сұлтан Айтбаев: «Мектеп деген тек білім алатын мекеме ғана емес. Мектеп —  қазіргі кезден бастап, болашақтың іргетасын қалайтын жер деп айтуға болады»,- деді. ...

Толығырақ »

«Кітап – рухани қазына»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Бүкіл әлемдегі кітапханалар білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені» – деді. Осыған орай, таяуда Алматы қаласы Алмалы ауданындағы «№10 бөбекжай-балабақшасында «Кітап – рухани қазына» Ұлыбритания тәжірибесінінің жобасы аясында «Туған қаламның символы» тақырыбында өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы саналатын мектепалды тобының тәрбиеленушілері қатысты. Алғашқы ...

Толығырақ »

Алғыс айтылды

Кеше, 1 наурыз  — Алғыс айту күні мерекесіне орай  Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 78 бөбекжай-балабақшасында мерекелік іс-шара өтті. Шарада Зада Тәліпқызы бастаған балабақша ұжымы келген қонақтарды ақ дастарханан дәм ұсынып қарсы алды. Іс-шараға арнайы шақырылған театр өнерпаздары әуелеген әндерімен мерекені қыздыра түсті. — Біз бүгін балаларымызға өте қатты риза болдық, осыншама ізденіп, оны балаларға үйретіп көрермен назарына ұсынып ...

Толығырақ »

Көңілге қуаныш нұрын сыйлаған білім ордасы

Алматы қаласы, Жетісу ауданы №177 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сакеева Гүлхан Жаманбайқызы   Көңілге қуаныш нұрын сыйлаған білім ордасы    Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін  Алғыс айту күні жалпыхалықтық мереке ретінде аталып өтілуде.  Біз бұл күні  ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, шәкірті ұстаздарына, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз. Көреген халқымыз: ...

Толығырақ »