Home » Жаңалықтар » «Құндылыққа бағдарланған білім беру» семинары

«Құндылыққа бағдарланған білім беру» семинары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Тәрбие ісінде ұлттық педагогика бастауларын да назардан шығармаған жөн. Балаларымыздың бойына қазақтың салт-дәстүрі мен құндылықтарын сіңіру аса маңызды» – деп айтқан болатын.
Осыған орай, Алматы қаласы Алмалы ауданы Б.Атыханұлы атындағы  №36 гимназияда  «Алматы мектебі» және  «Біртұтас тәрбие» бағдарламаларын жүзеге асыру аясындағы «Құндылыққа бағдарланған білім беру» қалалық әдістемелік семинары өтті. Мақсаты – «Алматы мектептері» бағдарламасы аясында оқушылардың бойына ұлттық құндылықты сіңіре отырып, зерттеушілік, ойлау, қарым-қатынас, креативті көзқарас дағдыларын қалыптастыру арқылы мектепте жасалып жатқан жұмыс жүйесін жан-жақты көрсету.
Оқу-әдістемелік семинар барысында 5 түрлі тақырыпта ашық сабақтар өткізілді. Сабақ өткен мұғалімдердің  білім берудегі  жаңа әдістерді тиімді  қолдануы, оқудағы бағалау, дарынды оқушылармен жұмыс, оқыту үдерісіндегі ұлттық құндылыққа бағдарланған бағытында көрсетілген жұмыстары үлкен тәжірибе алмасудың алаңына  айналды.
Семинарға педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының профессоры, доктор наук, Кошербаева Айгерим Нуралиевна және Индонезия, Джогякарта мемлекеттік Университетінің Докторанты, ғылыми зерттеу және бағалау эксперт маманы Бегимбетова Гүлдана Атымтаевна, екінші кезектегі курстан өткен басшылық топтар мүшелері қатыса отырып, өздерінің пікірлерімен бөлісті. Панельдік пікірталас кезінде «Жасанды интеллектіні мектеп өміріне енгізуге көзқарасыңыз қандай?» тақырыбында  ой өрбітті. «Оқушы қызығушылығын оятудың тиімді жолдары»,  «Жүз жол – бірі сенікі», «Оқушы ізденісі – шығармашылық бастауы»   жобаларының жүргізілу барысы  баяндалды. Шарада келген қатысушылармен «Soft skills» дағдыларын дамыту тақырыбында қызықты тренинг жүргізілді.
Семинарда 2-сынып оқушыларының қатысуымен  «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында «Ертегілер елінде»,«Қу қой»,«Жеті лақ»,«Байлық пен ақыл» сахналық көріністері қойылды.
Сондай-ақ, іс-шара «Отаным, саған айтамын» тақырыбындағы  ақын М.Мақатаевтың өнеріне арналған әдеби-саз кешіне ұласты.  Әдеби кеште «Асылмұра» үйірмесінің оқушылары  ақынның өлеңдерін оқып, мектеп ұстаздары келген қонақтарға тамаша ән сыйлады.
Кеш соңында гимназия басшысы Ақсерікова Ақмарал Мағжанқызы семинарға келген қатысушыларға алғыс білдірді.
«Bilim ainasy»,
Гүлдана Исаева,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.