Home » Жаңалықтар (page 205)

Жаңалықтар

Нәтижеге бағытталған білім беруде сабақты тиімді жоспарлау

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында  биология пәні мұғалімдері үшін пән бағдарламасының мазмұны мен оқу жоспарындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуде сабақты жоспарлау және білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейін анықтауда бағалау құралдарын қолдануды меңгертуге  бағытталған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жоспарлау және бағалау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинарға қатынасушылар сабақ үдерісін ...

Толығырақ »

«Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс ұйымдастырылды

Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында  «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында биология пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Курстың мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында биология пәнін оқыту әдістемесі бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Курс барысында биология пәні бойынша білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған есептерді шешу ...

Толығырақ »

Күзгі демалыс

Жезқазған қаласындағы «№13 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ нің   5 «Ж»  сыныбының оқушыларымен ұйымдастырылған күзгі демалыс қызықтары. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, азаматтық ұстанымын, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді, олардың мақсаты: — Баланың тұлға ретінде жанжақты дамуы; Оқу-тәрбиелік үдерістің тәрбиелік компонентін күшейту үшін, білім беру ұйымдарында күзгі демалысты өткізу тұжырымдамасы аясында жұмыстар ...

Толығырақ »

Менің алғашқы түлектерім

Осыдан төрт жыл бұрын  қараша  айында Целиноград ауданындағы  №2 Қосшы орта мектебіне  жұмысқа кіре сала  11 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі болып бекітілдім. Өзім тәлім- тәрбие беріп, жетелеген сыныбым болмаса да алғышқы шәкірттерім маған өте ыстық болды.Сыныптағы тел қозыдай болып қатар өткен тоғыз ұл, тоғыз қыз бір үйдің баласындай тату еді. Бір қарағанда қарапайым оқушылар сияқты болғанмен, жүректері лаулаған,қиял мен арманға  ...

Толығырақ »

Оралдық жас шеберлер жарады!

Күні кеше республикалық қолөнер байқауынан оралдық жеткіншектер жүлделі оралды. Ата-аналар мен ұстаздардың қуанышында шек жоқ. Павлодар қаласында өткен республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы қолөнер бойынша балалар шығармашылық көрме-байқауы ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылыпты. Осы өнер сайысына Оралдағы мектептен тыс жұмыстар орталықтарының атынан қатысқан «Қолөнер» үйірмелерінің шәкірттері үш бірдей жүлделі орынды еншілеп қайтты. Атап айтқанда, «Қолөнер» аталымы бойынша ...

Толығырақ »

Кішкентай көрермендер риза болды

Театр – рухани тәрбиенің ошағы. Әсіресе, балаларды театрға алып бару – оларды адамгершілікке, ізгілікке жетелеудің алғашқы қадамы іспеттес. Күні кеше мектеп оқушылары күзгі демалыстарын тәмамдап, бүгін қайтадан оқуға кірісті. Осы ретте Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданына қарасты Подстепный №1 орта мектебінің бастауыш сынып шәкірттері өздерінің қызықты демалыс апталарын әдемі нотамен түйіндеді. Олар 2 қараша күні Оралдағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық ...

Толығырақ »

Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби

Жуырда Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқармасының  ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты семинар-тренингі болып өтті.    Семинардан бұрын аудиторияға «Әліпби тарату акциясы» іс жүзіне асырылған. Өйткені бір әліпбиді үйрену үшін көру, есту, жазу дағдысы бар екендігі аян. Жалпы бұл туралы ұйымдастырушылар жиналған жұртқа түсіндіріп өтсе, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Балмира Мырзабаева ...

Толығырақ »

ДҮБІРЛІ ДОДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Не көрсем де Алаш үшін көргенім, Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім. Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер, Істей берсін қолдарынан келгенін, – деп кезінде Алаштың ертеңіне, болашағына сеніп кеткен арыстарының бірі — Мағжан Жұмабаев болатын. Ұрпағы да өткенін ұлықтап, қазақтың зиялы ұлдарының өмірі мен шығармашылығын атаулы оқулармен насихаттап келеді. Сондай дүбірлі шараның бірі — Мағжан оқулары — жыл сайын ...

Толығырақ »

Қарты бар үйдің қазынасы бар…

Тағлымы мол қазақ халқы «баланы жастан» деп, сәби кезінен тәрбиемен тәлімдеген. Дүние есігін ашқан сәттен бастап  ана  әлдиін  естіп,  одан  өсе  келе  әженің  қызықты  ертегілерімен  құмарланып,  данышпан даралардың еңбектерін  оқып  өскен.  «Үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет»  дегендей, ұлтымыздың өскелең ұрпағы әркез үлкенге  құрмет көрсетіп, кішіге үлгі болу керек  екенін  естен шығармаған.Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында Атыраудағы Назарбаев  Зияткерлік мектебінде «Үш ізгі іс» ...

Толығырақ »

Жас таланттар – біздің мақтанышымыз

  Өнер — еш шегі жоқ, ұлы теңіз. Бұл теңіздің өзіндік сырлары мен адам баласынан жасырып жатқан құпияларының түбі жоқ, теңіз түбінде.  Теңіздің бетінде шым — шытырман мен арман жолында жүзу мен үшін ең үлкен бақыт. Сондай бір саяхат барысында «Ақжелең» V Республикалық байқауы менің жүрегіме өте ерекше күш қуатын берді. Осыған орай  Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты алтын ұям ...

Толығырақ »