Home » Жаңалықтар » Күзгі демалыс

Күзгі демалыс

Жезқазған қаласындағы «№13 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ нің   5 «Ж»  сыныбының оқушыларымен ұйымдастырылған күзгі демалыс қызықтары.

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, азаматтық ұстанымын, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді, олардың мақсаты:

— Баланың тұлға ретінде жанжақты дамуы;

Оқу-тәрбиелік үдерістің тәрбиелік компонентін күшейту үшін, білім беру ұйымдарында күзгі демалысты өткізу тұжырымдамасы аясында жұмыстар жүргізілді.

Театр және музей күні білім беру ұйымдарының оқушылары үшін келесі орындарға саяхат ұйымдастырылды: Жезқазған тарихи-өлкетану музейі , С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған  қазақ музыкалық-драма театры  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, режисер Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалін ұйымдастырды. 2018 жылдың 4 қараша күні 5 «Ж» сынып оқушылары театрдың қойылымдарын тамашалады.

Сондай-ақ, демалыс кезінде білім беру ұйымдарының оқушылары қаламыздағы  соңғы үлгідегі 3Д форматтағы кино залға барды.Күзгі демалыс кезінде барлық іс-шаралар сыныптық ұжымдарды біріктіруге, эстетикалық талғам мен коммуникативтік дағдыны, танымдық және шығармашылық істі дамытуға бағытталды

Рахметова Ғайни Жолбарысқызы       
«№13 ЖОББМ» КММ тарих мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.