Home » Жаңалықтар » Нәтижеге бағытталған білім беруде сабақты тиімді жоспарлау

Нәтижеге бағытталған білім беруде сабақты тиімді жоспарлау

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында  биология пәні мұғалімдері үшін пән бағдарламасының мазмұны мен оқу жоспарындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуде сабақты жоспарлау және білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейін анықтауда бағалау құралдарын қолдануды меңгертуге  бағытталған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жоспарлау және бағалау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинарға қатынасушылар сабақ үдерісін тиімді жоспарлауда пән бойынша оқу мақсаттарына сәйкес сабақ мақсатын нақтылауды, бағалау критерийлеріне сай тапсырмалар құрастыруды, критериалды бағалау жолдарын тәжірибелік алаңда жүзеге асырды.

 

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы ПҚБАИ, баспасөз қызметі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.