Жаздың алғашқы күнінен-ақ суға шомылу маусымы басталады, соны ескере отырып, суға жүзу ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтай білуі маңызды. Осыған байланысты, ата- аналар мен оқушылардың су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптары мен таныстырғымыз келіп отыр. Бірінші кезекте мыналарға назар аудару қажет: Қоршау белгілері қойылған жерлерде жүзуге болмайды Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз Суда жүзіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз Суда жүзу ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Қылқалам шебері Зияткерлік мектепте
14 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, халықаралық бауқаулардың лаураты Ренат Елубаевпен кездесу өтті. Мектеп кітапханасына кездесуге жиналған оқушылар мен мұғалімдерді танымал суретші өзінің қарапайымдылығымен, кішіпейілділігімен бірден баурап алды. Оқушылардың сұрағына ерінбей жауап берген құрметті қонақ өзінің шығармашылық жолы, пір тұтатын суретшілері туралы айтып берді. «Сурет — ұлтымыздың мәдени даму көрінісі. Суреті жоқ елдің ...
Толығырақ »Таланттың «көзін аршу» немесе балаңыздың бейімі неде?
Балаларыңызды жазу-сызуға баулыйсыз ба? Балаңызға интернеттен, кітаптардан, газет-журналдардан әдеби көркем шығармалар оқуға қандай жағдай жасадыңыз? Балаңызға не жақындарыңызға ой өрісін кеңейтуіне, танымын шыңдауға көмектесетін қандай газет журналдарды оқуға кеңес бересіз? Халқымыз «жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығады» дегенде екінші жағынан жастарға, олардың болашағы мен мүмкіншілігіне сенгеннен де айтқан-ау сірә. «Дария басы – бұлақ» бұл аталы сөз тегіннен айтылмаса керек. Осы ...
Толығырақ »«Өнер көзі — халықта»
Өнердің мақсаты – дүнені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы №19 «Балбөбек» балабақшасында «Өнер көзі – халықта» атты кең көлемді қалалық кластер өтті. Кластердің негізгі мақсаты: өзіндік шығармашылық жұмыстарын саралау, біліктілік тәжірибелерін көрсету, ерекше қайталанбас рухани жаңашылдыққа апаратын үлкен жол болды. Жан-жақты балабақшадан келген қонақтар ...
Толығырақ »«Ертегі терапиясы арқылы балаларға экологиялық тәрбие беру»
Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» — деген екен. Тұңғыш ұстазымыздың қанатты сөзіне сүйене отырып мамыр айының 14-ші жұлдызында астаналық №48 «Ақ көгершін» балабақшасын басқарып отырған меңгеруші У.Сабиеваның басшылығымен балабақша ұжымы «Ертегі арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру» эксперимент алаңының ...
Толығырақ »Бейбіт күннің батырлары
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында 7-Мамыр Отан Қорғаушылар күніне орай тағылымды іс-шара өтті. Шарамыздың мақсаты оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, бейбіт күннің батырларымен сұхбаттасу арқылы оларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, патриотизмге тәрбиелеу. Сонымен қатар азаматтық көзқарас, рух қалыптастыруға ықпал ету. Жерлесіміз Ержан Амеркановтың Семей-Новосібір тасжолында көрсеткен ерлігі жайлы видеомен ашылған шара, 8 «В» сыныбының оқушысы Айдана Испаеваның «Қазақстандықтардың бейбіт күндегі ...
Толығырақ »САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ КЕЗІНДЕГІ САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ҚАРАСТЫРУ
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасайды. Барлық балалардың сұраныстарын, жас ерекшеліктерін және қабілеттерін ескеру – бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін күрделі мәселе. Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп, мұғалім тарапынан анағұрлым үлкен дәрежеге қол жеткізу болып табылады. Биология және жаратылыстану пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламалары шеңберінде зерттеуге ...
Толығырақ »ҚР БҒМ мектеп бітіру кешін қымбат шараға айналдырмай, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынады
Оқу жылының аяқталуына орай, оқушылар мен ата-аналарды мектеп бітіру кешін өткізудің форматы алаңдатады. Сонымен қатар, ата-аналар комитетінің ақша жинайтындығы туралы хабарлама жиі түседі. Ол көптеген ата-ана үшін отбасылық бюджетке салмақ салатыны анық. Мұндай хабарламаларға жауап ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі өз тарапынан мектеп бітіру кешін ақшаны үнемдеу үшін кафе, ресторандарда емес, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, министрлік мектеп бітіру ...
Толығырақ »№62 «Нұрсәуле» балабақшасында ашық есік күні
Нұр-Сұлтан қаласының №62 «Нұрсәуле» балабақшасында ата-аналардың қатысуымен «Ашық есік» күні болды. Осы «Ашық есік» күнінде барлық топтарда ашық оқу қызметтері өте жоғары деңгейде көрсетілді. Ата-аналар өздерінің ризашылығын білдірді. Атап айтқанда, «Қарлығаш» ортаңғы тобында тәрбиеші Бейбітхан Қ.«Бұйра қошақан» тақырыбында дәстүрден тыс аппликация оқу қызметінде қағаздарды жырту арқылы аппақ қошақанның бұйра жүндерін жапсырды.Сонымен қатар үй жануарларының төлдерін атап, оларды шақыру туралытақпақпақтар айтып, тілдік жаттығулар да қайталанды. Балалар оқу ...
Толығырақ »Дияр Туленов Азия олимпиадасында қола медаль иеленді
Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Дияр Туленов Австралия елінде Аделаида қаласында 5-13 мамыр күндері физикадан өткен ХХ Азия олимпиадасына қатысып, қола медаль жеңіп алды. Олимпиадаға Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Индия, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Тайланд, Тайвань, Вьетнам сияқты әлемнің 22 елінен физиктер қатысты. Физикадан Азия олимпиадасы — Азия-Тынық ...
Толығырақ »