Home » Жаңалықтар » САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ КЕЗІНДЕГІ САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ҚАРАСТЫРУ

САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ КЕЗІНДЕГІ САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ҚАРАСТЫРУ

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасайды. Барлық балалардың сұраныстарын, жас ерекшеліктерін және қабілеттерін ескеру – бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін күрделі мәселе. Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп, мұғалім тарапынан анағұрлым үлкен дәрежеге қол жеткізу болып табылады. Биология және жаратылыстану пәндері бойынша  жаңартылған білім беру бағдарламалары шеңберінде зерттеуге негізделген белсенді оқу және оқу қағидаттарын түсіндіретін белсенді педагогикалық құрал болып табылады. Оқушылар  үшін сабақтарда бақылау жасап, бірлесіп дәлелдерді талқылау, оларды құрып және тиімді орта құруға мүмкіндік болады. Ал мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында біртіндеп жүзеге асырылатын рефлексия, сабақты жоспарлау, кеңес беру арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам ұстаз үшін маңызды шешімдер болып табылтын құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Ал келесі қадам өзгеріс енгізуге қатысты әріптестерінің кеңестері. Осы әрекеттерді орындау барысында мұғалім оқушыға оқу мақсаттарына қоятын талаптарды түсіндіреді, жеке ерекшеліктеріне зияткерлік үдерісін және олардың қалай әсер ететінін білуге, тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға, нақты тапсырма үшін оңтайлы стратегияларды таңдауға көмектеседі. Балалардың қалай білім алатындығын ескеруде мұғалім оқушының қаншалықты өздігінен білім меңгергені, танып білгені және еп-дағдылары қалыптасқанын көре алады. Оқыту үдерісінде мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде белсенді араласып отыру керек, олар өздерінің болжам сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді және үйретеді, өз алдына мақсат қояды, алған нәтижелерін қадағалайды, идеяларымен эксперимент жасайды. Болған қателерін түсініп тәуекелге де баруы мүмкін. Мұғалімдер  оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетіні түсінуге тырысады. Қарқынды дамып жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Сондықтан жаңа кезеңдерден өтуіне қарай  өз-өзіне сенімді оқушы ең нәтижелі болады.  Мысалы, бір сабақтың үстінде бірнеше түрлі тапсырма емес, бір тапсырманы бірнеше түрлі етіп беретін кез келіп жеткен сияқты. Саралап  оқыту оқушылардың жеке, тұлғалық ерекшеліктері, олардың білімі мен тәжірибесі, қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктері ескерілетін оқу үдерісін ұйымдастыру керек. Осы ретте жасырын және айқын саралау жүргізілу қажет. Саралау неліктен өзекті мәселе? Біз оны сабақта қалай жүзеге асырамыз?

Бұған дейін бұл сұрақтардың төңірегінде көп ойланып-толғанып, іздегенімізге толық сенуге болады. Сол үшін бұл жерде теорияға тоқталмауға болады. Бірден түсіндіруге тырысамын. Бір сабақтың үстінде бірнеше түрлі тапсырма бергенше, бір тапсырманы бірнеше түрлі етіп беру, яғни 1 тапсырманы оқушылардың ақпаратты қабылдау қабілетіне қарай емес бейімдеуге қарай беру. Бұл саралаудың басты шарттарының бірі болады. Қолдану бойынша сыныптарыңыздағы әлеуетін зерттеу қажет. Алғашқыда оқушыларды ең қарапайым ақпаратты қабылдау қабілетіне қарай 3 топқа бөліуге болады: аудиал, визуал, кинестетик. Сонан кейін, кейінірек  оқушыларды қызыушылығына, жылдамдығына қарай тапсырманы орындау уақытында, ынтасына, гендерлік психофизикасына (аса жауапты саралаулардың бірі), қолдауды қажет ететіндігі/етпейтіндігіне қарай топтастыруға, жұптастыруға болады. Және де өз бетінше жұмыс істей алу қабілетіне қарай жеке жұмыстарды/ жобаларды дайындау ұсынылады.

Осы және бұдан да басқа ерекшеліктерді ескере отырып дайындалған тапсырманы сұранысқа қарай бейімдеу керек екендігін айтпаса да түсінікті шығар. Дегенмен де саралау процесінде барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ мұғалім олардың алдыңғы білімі мен тәжірибесін ескере отырып,  оқушылардан деңгейіне сай нәтиже күтеді. Оқушыларға  бағытталған нұсқау бере отырып,олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгеніне көз жеткізе алады. Барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ мұғалім олардың жылдамдығын ескеріп тапсырманы орындау уақытын әртүрлі етіп береді. Сонымен қатар, қосымша тапсырмаларды орындау барысында көп күш жұмсайды оларды қолдауға болады.Барлық оқушыларға тапсырма бірдей беріледі, бірақ мұғалім оқушыларға көрсететін қолдау олардың деңгейіне/қабілетіне сәйкес әртүрлі болады. Тапсырма беруде топтың немесе жекеленген оқушылардың әлеуеті ескеріледі. Тапсырма ортақ, бірақ ресурстар әртүрлі болады. Дереккөздердің ауқымды талдауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын мәтіндерді, идеяларды түсіндіруге уақыт жұмсалады, сондықтан мұғалім алдын ала дайындаған жөн. Топтастыру процесі нәтижеге жеткізудің құралы, яғни оқушылар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ әркімнің өзінің рөлі бар, бұл барлық оқушылардың өз мүмкіндігін  көрсетуге жол ашады. Оқушылар бір-біріне ауызша кері байланыс жасайды, өздерінің ұсыныстарын не жақсы, нені жақсарту керектігін айта алады. Мұғалім сұрақтарды оқушы деңгейіне қарай саралайды, түсіну, білуден бағалауға дейін. Бұл жерде оқушылардың қажеттіліктерін анықтау барысында белсенді әдіс-тәсілдерін талқылай отырып, мұғалім сабақ барысында қандай сұрақтар қойылатыны ескергені дұрыс. Биология және жаратылыстану сабақтарында оқушылардың қажеттіліктерін анықтау үшін жабық сұрақтарды ашық сұрақтарға ауыстыруға болады. Сабақта оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту олардың ашық сұрақ қоя білуі, ақпаратты терең талдау жасай алуы, өз ой-пікірлерін жай айтып қоймай, оны дәлелдеп, сыныптастарының көзқарастарын өзгертуге деген әрекеттері екенін де ескеру керек. Биология және жаратылыстану пәндерінде оқушылардан проблемалық мәселе көтеруді немесе зерттеу бағытын жорамалдауды сұрау, белгілі бір жағдайларда жалпылауға болатын зерттеу сұрақтарын қоюуға, қарсы амал іздеп, ерекше жағдайларды айқындауға болады. Осы шешімдерін оқушылар графикалық немсе сызба арқылы ұсынудың балама тәсілдерін қарастыруға, проблемаға басқаша тұрғыда қарау үшін бір түрден екінші түрге көшуге ынталандыруға болады. Оқушылар өз қателерін анықтап, олардың өзін және оған алып келген түсінбеушілікті талқылап, оқытудың жағымды қыры ретінде қолдануға  мүмкіндік береді. Рефлексия кезінде оқушылар өздері таңдаған әдістер мен ресурстарын неліктен таңдағанын түсіндіру үшін өзара пікірталас жүргізіледі және оқушылар топқа немесе бүкіл сыныпқа жасаған тапсырмаларына таныстырылымына бағамдайды. Олардың жазбаша жұмыстарына ауызша кері байланыс жасалады. Сыныптағы оқушыларға үй тапсырмасы беріледі, ал кейбір оқушыларға сынып жұмысын аяқтап келуге тапсырылады және басқа оқушыларға жекелеме сараланған тапсырмалар беруге мұғалімнің мүмкіндігі бар.

Қысқа айтатын болсақ, оқушылардың метасанасын дамыту керек. Мұғалімдер  өз кезегінде, өзінің сабақ беруі емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Оқу процесін «қажеттен» «өте қызықты» деңгейіне жеткізу. «Бұл маған қажетті», «Бұл маған қызықты» бұл менің түйінім дегенге жетелейді. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерінсіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған осы мақала негізгі идеясы ақпарат бере отырып, білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, ал мұғалім- бұл үдерісте көмек көрсетуші (көпірше) жан.

 

 

 

КАИРБАЕВА ЖАННА ХАПАСОВНА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,
Қарағанды қ., Қазақстан

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.