Арыс қаласы тұрғындарының тынысы тарылып, белгісіз індеттен көз жұмып жатыр деген ақпарат жалған. Шаһарда орын алған апаттан кейін шығып жатқан мұндай дәлелсіз ақпарларға ермеуге шақырамыз. Осы орайда әлеуметтік желілер мен дәлелсіз жалған ақпарат тарқатқан кейбір БАҚ-тағы мәліметтердің шындыққа еш жанаспайтынын жеткіземіз. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов Арыс қаласы әкімдігінде өткен брифингте мәлімдеді. Түркістан облысының ...
Толығырақ »Жаңалықтар
АРЫС: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ТИЕСІЛІ СЕКТОРДА 50 ҮЙ ЖӨНДЕЛДІ
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келді. Ол Жамбыл облысы жауапты болып бекітілген 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру барысын көзбен көріп, 11 көшенің белсенді тұрғындармен кездесті. Асқар Исабекұлы штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін айтты. Өз кезегінде 3-сектор аумағындағы арыстық тұрғындар әулеиаталық құрылысшылардың жұмысына көңілдері толатындарын жеткізіп, алғыстарын білдірді. Бүгінде Жамбыл облысына тиесілі ...
Толығырақ »Білім және ғылым министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша БРИФИНГ
2019 жылғы 28 маусымда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің халықпен есеп беру кездесуі болып өтті. Есеп беру кездесуі барысында білім және ғылым жүйесіне қатысты мәселелер көтерілген болатын. Олардың қатарында — «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу, гранттарды бөлу үрдісі, оқулықтардың сараптамасы, балаларды бірінші сыныпқа 6 жастан қабылдау. Министрлік «Педагог мәртебесі ...
Толығырақ »Қырымбек Көшербаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын кішкентай Ләйлімнен қабылдап, өзі де жалғастырғанын білесіздер. Бұл бастама қазір жалпыхалықтық сипат алды. Тағылымды эстафетаны әйгілі өнер тарланы Досхан Жолжақсыновтан қабылдап алған Президент Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Көшербаев Ұлы ақынның масылдық туралы ой-пікірлерінен үзінді оқып, қазақ ғылымының майталмандары, академиктер Төрегелді Шарманов пен Асқар Жұмаділдаевқа және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет ...
Толығырақ »АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ
Ақмола облысында І-Халықаралық жас құтқарушы-өрт сөндірушілер жарысының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау қаласындағы техникалық институтының аумағында өтетін бұл шараға Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстаннан 180 жас құтқарушы қатысатын болады. Ақмола облысының намысын №1 Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері қорғайды. Аталған команда өткен жылы Республикалық біріншіліктің ...
Толығырақ »АРЫС: Ө. ШӨКЕЕВ ҚАЛАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУДІ ТАПСЫРДЫ
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша жиын өткізді. Жиынға ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі, қаладағы 17 секторға жауапты облыс, аудан өкілдері, облыстық басқарма басшылары қатысты. Жиында қаладағы қарқынды құрылыс жұмыстарының барысы баяндалып, жұмысты жеделдету бойынша ұсыныстар айтылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев әрбір секторға жауапты облыстардың жұмысына тоқталып, ...
Толығырақ »Біздің Елдос жеңіс биігінен көрінді
Елдос Сметов Будапештегі Гран-при турнирінде алтын алды. Жерлесіміз дзюдодан өтіп жатқан байрақты бәсекеде жеңімпаз атанды. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Е.Сметов жартылай финалда Нидерланды елінің Торнике Цжакадоеаны ұтты. Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті. Алдымен «ваззари» ұпайын алған біздің спортшымыз кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын «иппон» ұпайымен жеңді. Осылайша, дзюдодан ...
Толығырақ »Премьер-Министр де Арыста
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. ҚР Үкіметінің басшысы өңірлік штабтар жұмысын тексеріп, «Көктем-1», «Көктем-2» ықшам аудандарындағы тұрғын үйлердің, мектеп, балабақша, темір жол вокзалы ғимараттарының, қалалық аурухананың қалпына келтірілу қарқынын көрді. ҚР Премьер-Министрі сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Түркістан ...
Толығырақ »Димаш Құдайберген атындағы оқу аймағы туралы естідіңіз бе?
Қазақ елін әлемге танытып, аз уақытта миллиондаған тыңдарман жинап үлгерген Димаш Құдайбергеннің Нұр-Сұлтан қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында оқу аймағы жұмыс істеп тұрғанын біреу білсе, бесеу білмейді. Оқу аймағы 2019 жылғы 29 қаңтарда әншінің ата-анасы Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Ермекқызының қатысуымен салтанатты түрде ашылған. «Оқу аймағын ашудағы мақсат – оқушылардың бойында тәуелсіз кітапханалық пайдаланушының дағдыларын қалыптастыру: ақпаратты іздеу, іріктеу мен сыни бағалау ...
Толығырақ »Қазақ балалары тағы да әлемді мойындатты
Саха Республикасында (Якутия) математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша өткен халықаралық «Туймаада» олимпиадасына Қазақстан құрама командасы қатысып, жүлделі оралды. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің құрама команда 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға ие болды. Жеңімпаздардың қатарында: Мырзатаев Айбек, Атырау қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, алтын медаль — жасөспірімдер лигасы арасындағы абсолютті жеңімпаз (математика); Қалдыбаев Рауан, Нұр-Сұлтан ...
Толығырақ »