Home » Димаш Құдайберген атындағы оқу аймағы туралы естідіңіз бе?

Димаш Құдайберген атындағы оқу аймағы туралы естідіңіз бе?

Қазақ елін әлемге танытып, аз уақытта миллиондаған тыңдарман жинап үлгерген Димаш Құдайбергеннің Нұр-Сұлтан қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында оқу аймағы жұмыс істеп тұрғанын біреу білсе, бесеу білмейді. Оқу аймағы 2019 жылғы 29 қаңтарда әншінің ата-анасы Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Ермекқызының қатысуымен салтанатты түрде ашылған.

«Оқу аймағын ашудағы мақсатоқушылардың бойында тәуелсіз кітапханалық пайдаланушының дағдыларын қалыптастыру: ақпаратты іздеу, іріктеу мен сыни бағалау және оқу мәдениетіне үйрету, оқу аймағының  кітапханалық — ақпараттық ресурстарын пайдалану арқылы ақпаратқа қол жеткізуді барлық қатысушыларға қамтамасыз ету. Димаштай алтын баламыздың себебімен жас та, кәрі де келіп, білім нәрімен сусындап жатыр. Тіпті шетелдік қонақтарға дейін осы жерге бас сұғып жүр», — дейді аталмыш білім ордасының директоры әрі жобаның идея авторы Сауле Мыңшалқызы.

 

Әсел БАҚЫТҚЫЗЫ
Журналистика мәселелерін зерттеу институты

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.