Home » Жаңалықтар » АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

Ақмола облысында І-Халықаралық жас құтқарушы-өрт сөндірушілер жарысының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау қаласындағы техникалық институтының аумағында өтетін бұл шараға Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстаннан 180 жас құтқарушы қатысатын болады.

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысының намысын №1 Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері қорғайды. Аталған команда өткен жылы Республикалық біріншіліктің жеңімпаздары атанған.

Бағдарлама бойынша «Таныстыру», «Newspaper-Billboard», «Алғашқы көмек көрсету», «Техногендік апат кезінде авариялық-құтқару жұмыстары», «Табиғи орталарда іздеу және құтқару жұмыстары», «Су объектілерінде құтқару жұмыстары» сынды конкурстық және тақырыптық іс-шаралар өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

Айта кету керек, бұл біздің Республикамыздағы жас құтқарушылардың  І-Халықаралық жиыны.

Аталған Халықаралық шара аясында Республикалық конкурс өтеді деп жоспарланған. Мұнда Ақмола облысының атынан Азаматтық қорғаныс колледжі қатысатын болады.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.