Home » Жаңалықтар (page 11)

Жаңалықтар

Суицид сана дерті ме?      

«Жасөспірімдердің тәртібін бұзатын жағымсыздықтардың алдын алуда маңызды әрекеттер жасау мен қауіпсіз, мәдениетті өмір салтын қалыптастыру» атты тақырыппен өткен конференцияда жастар арасындағы өзіне қол жұмсау мәселелері талқыланып, жиналған мамандар одан шығу жолдарын қарастырды. Конференцияға Астана қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Сергей Сергейұлы Ильиных, «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының Жастар ресурстық орталықтарын әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының өкілі Әнуар Сатмурзин ...

Толығырақ »

Алматы мектептерінде бірыңғай сынып сағаты өтті

Бүгін мегаполистің барлық мектептерінде «Білімім-Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Алдымен оқушылар Мемлекеттік Әнұранды шырқады. Осыдан кейін ҚР Оқу-ағарту министрі жолдаған құттықтау сөзін тыңдады. Сынып сағаты аясында ұстаздар оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады. Жыл бойы үздік нәтиже, үлгілі істер көрсеткен оқушылар марапатталды. Сонымен қатар 9 және 11 сынып оқушылары «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазып, өздерінің болашақ жоспарлары ...

Толығырақ »

«ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ РЕТІНДЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ САУАТТЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

Алматы қаласы білім басқармасы «№106 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде “Қазіргі әлемдегі оқушыларды интеграциялаудың негізші шарты ретінде функциялық сауатты қалыптастыру” атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті. Конференцияның ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған «№106 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің директоры Амрина Назым Толеухалиевна келген қонақтарды конференцияның өту барысымен таныстырды. Конференцияда Педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университет профессоры Саудабаева ...

Толығырақ »

Ұлттық білім бастамасы Ы. Алтынсарин академиясынан таралуы керек

Білім беру саласы бойынша PhD, Республикалық «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының» президенті Тыныбаева Мадина Ағланқызымен кездестім.  Ұлттық білім академиясы білім беру бағытындағы көшбасшы мекеме деуге болады. Мадина ханымның айтуынша, білім саласының қара шаңырағы Ұлттық білім академиясының бүгінде жауапкершілігі мен қызметі едәуір артқан. «Оқу үдерісіне бағыт бергенде перзенттік парызын білуге, ар-ұят құндылығын сақтап, құрметтеуге және ұлттық мүддені қорғауға бағытталады» дейді. ...

Толығырақ »

«Капустник»

Алматы қаласы Білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімі және КММ “ №60 гимназия ” 3-11 сынып оқушыларының қатысуымен театрландырылған “Капустник” ұйымдастырылды. Іс-шарада Бостандық ауданы білім бөлімінің бас маманы Тасмаганбетова Бейнегуль Кунтуовна және “Дидар” жекеменшік мектебінің мұғалімі Черубаев Аслан Аскарович, сондай-ақ қала мектептерінің ұстаздары қонақ болды. Іс-шара барысында №60 гимназияның оқушылары өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, шағын спектакльдер қойып, көрерменнің ...

Толығырақ »

Еңбегі  елге  еленген

Өмір толқынында елім деп, болашақ деп соққан жүректер өз елінен ештеңені аямайтыны рас. Сондай азаматтардың бірі-Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының белгілі азаматы –Әбілахов Қайрат Әбдіманапұлы. Қайраттың есімін ауылдастары ерекше сезіммен, мақтанышпен айтады. Ауданға, облысқа еңбегі сіңген,  спорт саласында аянбай еңбек етіп, көптеген шәкірттер тәрбиелеп, бірнеше чемпиондар шығарған , Қазақ күресінің майталманы, қазақша күрестен «Қазақстан спорт шебері», самбо, дзюдо күрестерінің білікті бапкері, ...

Толығырақ »

Ұлы жеңіс жасасын!

Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты «№31» Бөбекжай -балабақшасында мектепалды «Балдырған» тобы 9 мамыр Жеңіс күніне орай тақырыптық шағын концерт ұйымдастырыпты. 9 мамыр Қазақстан халқы үшін ұлы мереке. Ұлы жеңіс күнін әр шаңырақ ыстық ықылыспен еске алады. Сол сұрапыл соғыс жылдары бір де бір шаңырақты айналып өтпеген. Бір үйден әке келесі шаңырақтаың атасы, басқа үйдің ағасы тағы да басқа жандар кеткен. ...

Толығырақ »

Балабақшада кішкентай Отан қорғаушылар өсіп келеді

Бүгін Алматы қаласы №86 бөбекжай КМҚК бала бақшасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған шара болып өтті. Шара басталардан бұрын-ақ бөбекжайда әуезді әуендер ойнап,  балалардың ерекше көңіл-күйі сезіліп тұрды. Бұл шараның басты мақсаты — жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, балалардың патриоттық сезімін ояту.  Балабақша бүлдіршіндері «Кішкентай Отан қорғаушылар» ертеңгілігіне айрықша дайындықпен келіпті.  Аталмыш шараны бүлдіршіндердің өзі де асыға күткені көрініп тұр. ...

Толығырақ »

“Ерлік ешқашан ұмытылмайды…”

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №44 мектеп-гимназиясында 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай “Ерлік ешқашан ұмытылмайды…” тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Бұл мерекелік шарада Алматы қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі Айгараева Вера Мукановна, Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Байгутдинова Галия Аскаровна және мүшелері Козедуб Людмила Григорьевна, Ельцова Лариса Викторовна қонақ болды. Іс-шара барысында соғыстың басталуы мен аяқталуына дейінгі барлық кезеңдерден көрініс көрсетілді. Батырлық мен ...

Толығырақ »

«LESSON STUDY – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛ»

Алматы қаласы, Түрксіб ауданына қарасты №49 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық қоғамдастық үшін маңызды оқиға нүктесі -«Lesson Study» әдістемесіне, мұғалімнің қызметін жетілдіруге бағытталған оқытудың инновациялық тәсіліне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  Ұжымдық ойындар өткізу — сенімділікті арттырудың және бірге жұмыс істеуге деген ұмтылысты ынталандырудың тамаша тәсілі. Математика пәнінің мұғалімдері Штарк М. В. және география, Усманов М. У. «шынжыр табан», «Төңкеріс» ...

Толығырақ »