Home » Жаңалықтар » “Ерлік ешқашан ұмытылмайды…”

“Ерлік ешқашан ұмытылмайды…”

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №44 мектеп-гимназиясында 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай “Ерлік ешқашан ұмытылмайды…” тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Бұл мерекелік шарада Алматы қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі Айгараева Вера Мукановна, Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Байгутдинова Галия Аскаровна және мүшелері Козедуб Людмила Григорьевна, Ельцова Лариса Викторовна қонақ болды.

Іс-шара барысында соғыстың басталуы мен аяқталуына дейінгі барлық кезеңдерден көрініс көрсетілді. Батырлық мен батылдық паш етілген көріністер көрермендерге ерекше әсер етті. Мектеп оқушыларынан құралған хор тобы “Әлия” әнін орындады. Оқушылар ән айтып, би билеп, өлең де оқыды.

  

Бүгінгі іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алу, олардың ерлік істерін оқушыларға таныстыру. Іс-шараны ұйымдастыруға ұйықты болған мектеп директоры Мусагулова Салтанат Болгановна және Тарих пәні мұғалімі Байгонова Малике Кемербаевна, Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Байкенова Кульшира Валихановна,
Музыка пән мұғалімі Зинагабдул Айман Мусаевна, 6 «З» сынып жетекшісі Сулайманова Марина Радиковна, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанабаева Куляш Серикбаевна, БӘД пәнінің мұғалімі Гузь Александр Юрьевич, 2 «Ә» сынып жетекшісі Таймбетова Райкул Ахметкуловна, 5 «З» сынып жетекшісі Шапихова Зайра Ильясовна, техник-инженер Назаров Сергей Емельянович, тарих пәнінің мұғалімі Згарбаева Гулим Елубаевна.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктер жылдан-жылға алыстап барады десек те, ол туралы талай-талай естеліктер мен жыр-дастандар жазылуда. Ұлы Отан соғысы жылдары – тарихтың тек драмалық қана емес, жаугершілік те заманы болып саналады. Өйткені Отан үшін от кешкен миллиондаған адамдардың жауынгерлік ерлігі мен жанқиярлықтың үлгісі дәл сол жылдармен тығыз байланысты. Сондықтан да біз ол жылдардан алыстаған сайын, соғыстың тарихи мәні мен маңызын тереңірек түсінеміз.
Қалай дегенде де қан майданның жалынды жылдарында от пен оқтың ортасында жүрген қайратты, қайсар ұл-қыздарымыздың қайталанбас ерліктері кейінгі буынға үлгі-өнеге екені шындық.

BILIM AINASY,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.