Home » Tag Archives: Әлия Ғалымбекқызы (page 7)

Tag Archives: Әлия Ғалымбекқызы

«Президентке сыйлық» жас суретшілер байқауы

Тәп-тәтті қылықтарымен қоса қызығушылықтары пайда бола бастайтын балалық шақта бүлдіршіндерді өнерге баулу өнегелі іс. Балабақшадағы бүлдіршіндерімізге рухани мәдени мұраларымызбен ұлттық құндылықтарымызды жан-жақты таныстырып насихаттау ұлттық тәрбиенің қайнар көзі. Соның ішінде балаларды бейнелеу өнеріне баулу жас ұрпақтың көркемдік –эстетикалық талғамын қалыптастырып, өнерге деген қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін оятуға көмектеседі. Сол арқылы бала бояу түстерін ажырата білуге, көркемдік мәнерін түсіне білуге үйренеді. Ашылғанына ...

Толығырақ »

Ұлы дала мұрагерлері

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні Қазақстан Республикасының Президенті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру мекемесінің 10 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты форумға қатысты.Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш білім ордасын мерейлі күнімен құттықтады. — Әлемдегі өркениеттің өнегесін ұстанған білім ошақтарының берекелі белесі. Назарбаев университеті құрылған соң оған түсе алатын оқушы қажет болды. Сол себепті де озық шәкірттерді дайындайтын орта білім беру ...

Толығырақ »

Көркем тілді, терең ойлы тамаша қойылым кейіпкерлері

Осыдан 25 жыл бұрын тағаны қаланған қаладағы №34 «Ақбидай» балабақшасы 365 бүлдіршінге тәлім-тәрбие беріп, ғылым-білім жолын нұсқап келеді. Орыс қазақ топтары аралас білім ордасы тәрбиеленушілері жас ерекшеліктеріне қарай 12 топқа бөлінген. Үш жыл қатарынан бала қиялына терең бойлай білген балабақша ұжымы «Ертегілер» бағытында қалалық семинар өткізіп келеді. Соның жалғасы осы сәрсенбі күні өткен «Ғажайып ертегілер әлемі» тақырыбындағы семинар тыңғылықты дайындықтың ...

Толығырақ »

«Нұр-Айдың» жаңа ордасында

Баға жетпес қазынаға балайтын бүгіннің білімді ұрпақтарын тәрбиелеуде көш ілгері келе жатқан іргелі білім ошақтарының бірі — Астана қаласындағы №54 «Нұр-Ай» балабақшасы. Бүгінгі күні дәл осы бүлдіршіндер ордасы қанатын кеңге жайып, қала ортасынан тағы бір жаңа ғимарат ашты. «Нұр-ай» балабақшасының екінші ғимараты саналған 240 орындық балабақша биылғы жылдың қазан айында ғана пайдалануға берілген қаладағы көрікті нысандардың бірі.  Өз келушілерін бір ...

Толығырақ »

«Шаттықта» өткен өнер семинары

  Тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы саналатын балабақша қабырғасында еліміздің болашағы қазіргі заманның қаншама баласы тәрбиеленіп келеді. Дұрысы олар тек тәрбие ғана емес білім берудің жан-жақты қырын меңгерген тәрбиешілердің арқасында білімді әрі қабілетті  болып өсіп келеді. Себебі бала бойындағы табиғи бар дарындылық дами бастайтын мектепке дейінгі балалық шақ ең маңызды кезең. Осы тұрғыда тәрбие мен білімдей егіз ұғымды қатар ...

Толығырақ »

X Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция

Қазан айының 25 жұлдызынан Назарбаев университетінде «Жаңа дәуірдің мектебі» тақырыбында  Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан басқосуға әлемнің 24 елінен білім саласының ғалымдары мен сарапшылары және 2000-ға жуық республиканың түкпір-түкпірінен келген ұстаздар, 12 бағытта жұмыс жасап жатқан  50-ден астам іс-шараға қатыспақ. Жиында басты тақырып білім беру жүйесіндегі өзгерістер, мұғалімдерді оқыту, кәсіби ...

Толығырақ »

Жақсы бастығың – жарты бақытың

Жаныңда жүр жақсы адам Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының бұл сөзі ұжымын  саусақтың саласындай біріктіре білетін іскер басшыларға арналып айтылғанына дау жоқ. Басшылыққа қабілеті мол, жауапкершілікпен ауыртпашылықты көтере білетін бір сөзбен айтқанда ұжымдағы атмосфераны ұстайтын жан өзіне сене қараған барлық әріптестеріне қорған бола алады. Бүгінгі біз қалам тербеген кейіпкеріміз бүлдіршіндер ордасын басқарып, есіктен кірген әр жанды өзінің мейірімді жүзімен шынайы ...

Толығырақ »

«АҚБАЯН» ҰЙЫМЫНДА АРНАЙЫ ҚОНАҚ   

«Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек», — деген екен қазақтың белгілі ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева.  Демек бойына қазақ қызының асыл қасиеттерін сіңіріп, сыр-сымбатымен ерекшеленетін қазақ қыздарын тәрбиелеу ұлт болашағы үшін керек. Күні кеше қаладағы №42 орта мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Шамұратова Рысжан Шерниязқызының бастамасымен ашылған  «Ақбаян» қыздар ұйымының атқарып жатқан жұмысымен таныстық.   Қыздардың білім, ...

Толығырақ »