Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да ұстаздың алдынан өтеді. Ал ұстаз болу – кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге аямай жұмсаған ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес. Сондай жандардың бірі – қарапайым ұстаздықтан директорлыққа дейін көтеріліп, білім саласында аттай 34 жыл абыройлы еңбек етіп келе ...
Толығырақ »Tag Archives: ұстаз
Мақсаты биік, арманы асқақ ұстаз
Көкке алғаш зымыран ұшырған, бұл күнде әлемге әйгілі Байқоңыр қаласымен шектесіп жатқан ақ жүректі жұрты бар Қармақшы ауданына қарасты Ахай ауылындағы еңселі №279 орта мектеп алыстан мен мұндалап тұр. Мектептің іші әсем безендірілген, қабырға толы жетістіктер жемісі. Мектеп басшысымен кезедесіп, әңгіме дүкен құра бастаған шақта дабыл белгісі соғылды. «Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Мектеп асханасынан өрт шықты». Одан әрі мектеп оқушылары мен ұстаздарға ...
Толығырақ »Ұстамды ұстаз
Елбасы тілдердің үш тұғырлығы идеясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі екенін айқындап берді. Білім министрлігі де 2019 жылға дейін елімізде үш тілді білім беруге көшуде еш кедергі болмауы керек деп санайды.Осы орайда мектепте жоғары сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін (химия, физика,биология,информатика) ағылшын тілінде өткізе отырып, оқушының ...
Толығырақ »Жаны жайсаң, көңілі кең
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді біздің дана халқымыз. Жақсы адам -жан дүниесі таза адам. Қай адам болмасын, қандай жағдайда да жанынан жақсы жандарды жолықтырғысы келеді. Яғни, бала үшін ата-анасы қандай ыстық болса, сондай мейірімді жандардың қай уақытта да қасынан табылғанын кім қаламайды дейсің! Сондай жандардың бірі — Қарағанды қаласының №21 негізгі мектебінің директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары Иманбаева Күләш Төкенқызы. ...
Толығырақ »ЕЛОРДА ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҰСТАЗ
«Тек жоғары білімпаздық қана географиямен айналысуға мүмкіндік береді» деген екен кезінде әлемге аты әйгілі ойшыл Страбон. Расында да, география дүниені танып, әлемді зерттеуге негізделгендіктен, оны жетік меңгеру әркімнің қолынан келе бермейді. Терең ізденісті, жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Осылайша, география ғылымының жоғары шыңына ұмтылып, білім айдынының желкенінен ұстаған жандардың бірі – Мұсабаева Меруерт Насурлақызы. Ғалым өзінің еңбек жолын Қызылорда қаласындағы №171 ...
Толығырақ »Келер күннің келбетін қалыптастырушы
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық — ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың кең пейілі, әсерлі үні, салмақты, салихалы сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлық, аналық, әкелік сүйіспеншілік сезімі, ыстық ықыласы есіп тұрғандай болады. Алдыңа келген әр оқушының жан дүниесін түсініп, қателігін кешіре білу – бұл нағыз кеңдік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ...
Толығырақ »Өнегелі ұстаз
Алтынай Сейсенбайқызы Әзімбаева — отыз жылдан аса еңбек өтілі бар тәжірибелі әрі білікті ұстаз, сонымен қатар, тарихы терең Тараз шаһарындағы №45 «Балбұлақ» балабақшасының әдіскері. Ол балабақшаға көбіне сертификаттарымен келген пән мұғалімдерінің балалармен жұмыс жасауда шатысатындығын айтады. «Бұл мектеп емес, колледж емес – балабақша. Балаларды қоршаған ортаға қалыптастыратын алғашқы баспалдағы. Сондықтан да бүлдіршіндерге тәрбие мен білім беруде жан-жақты болған жөн. Ал ...
Толығырақ »Үміткердей ұстаздан үміт мол
Бүгінгі жас маман – ертеңгі білікті ұстаз. Осындай талапты, ізденімпаз, еңбекқор маман Үміткер Орынғалиевті шәкірттері мақтан тұтса, әріптестері жасының кішілігіне қарамай құрметтейді. Батыс Қазақстан облысынан шалғай жатқан ауылдарда еңбек жолын бастап, екі-үш жылдың ішінде өңірдің білім саласына өзіндік алғашқы қолтаңбасын қалдырып үлгерген Үміткер Жұмакелдіұлы – Қазталов ауданына қарасты Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің 2012 жылғы үздік шәкірттерінің бірі. Он ...
Толығырақ »Ұстазым менің, ұстазым!
(Суретте — ұстазым Рыскүл Досымова) Жыл сайын қашанда алғашқы және соңғы қоңырау соғылғанда «Ұстазым менің, менің ұстазым» деген әсем ән мектеп дәліздерінен естуге болады. Жалпы өнер жұлдыздары қашанда осы ардақты әнді естен шығарған емес. Сөзі А.Шамкенов, әні Ә.Еспаев ағаларымыздың еңбегімен дүниеге келген ән әрқашан жүректерімізге нұр ұялатады. Көз алдымызға сан жылдар білім мен тәрбие нәрін сепкен аяулы жандарымыз келетіні рас. ...
Толығырақ »БІЛІМІ АЛТЫН, ІСІ ИГІ ҰЛЫ ҰСТАЗ
Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін тұлға. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Сондай ұстаздардың бірі – менің әкем Есентаев Қали. Бүкіл саналы өмірін жастарға білім беруге арнаған адам. Әкем, Қали 1905 жылы Ақтобе облысы, Темір ауданы, Кенкияқ елді мекенінде, кедей отбасында жетінші перзент болып дүниеге келген. Оның білім алуға деген құштарлығы ерекше болады. ...
Толығырақ »